Accessibility links

Covid пен соған ұқсас пневмониямен 1 мыңға жуық науқас тіркелді, 12 адам көз жұмды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

5 желтоқсан күні Қазақстанда коронавирус пен соған ұқсас пневмониямен 996 науқас тіркелді, тағы 12 адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Оның ішінде ПТР тестімен анықталғаны – 773, Covid тәрізді пневмонияға шалдыққаны – 193. Аурудан қайтыс болған сегіз адам вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар қатарынан, төртеуі коронавирус пневмониясы науқастары қатарынан.

ПТР тестімен расталған науқастар бойынша, тәулік ішінде тіркелген науқастардың 70 пайызға жуығы елдің солтүстік және шығыс аймақтарына келеді.

Шығыс Қазақстан облысында бір күнде 125 науқас тіркелді. Бұл – аймақтар бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Қыркүйектің ортасынан бері аймақтардың көшін бастап келген бұл облыста барлығы 17 063 науқас анықталған. Облыс вирус жұқтырғандардың жалпы саны жөнінен де бірінші орында тұр.

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандар 110 адамға көбейді. Кейінгі екі аптада бұл облыста ПТР тесті оң шыққандар күн сайын жүзден асып отыр. Қазір коронавирус инфекциясын жұқтырғаны тестімен расталған науқастардың жалпы саны 7 мыңнан асып отыр.

Ақмола облысында 83, Қостанай облысында 78, Нұр-Сұлтан қаласында 69, Солтүстік Қазақстан облыстарында 59 науқас қосылып отыр.

Оңтүстік өңірлерде ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қаласында. Онда бір күнде 71 науқас анықталған. Қалған аймақтарда тәулік көрсеткіші өз өңірлермен салыстырғанда төмендеу. Жамбыл облысында 18 науқас, Түркістан облысында 5 науқас, Шымкент қаласында 3 науқас және Қызылорда облысында 2 науқас тіркелді.

Батыс Қазақстан облысында 41 адамның ПТР тесті оң нәтиже берген. Одан кейінгі орындарда Атырау (27), Ақтөбе (10) және Маңғыстау (5) облыстары.

Осылайша, коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастардың жалпы саны 136 271-ге жетіп отыр. Оның 120 178-і жазылған, 2079-ы қайтыс болған. Covid өлімі статистикасына вирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмейді.

Есебі 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясына барлығы 43 073 адам шалдыққан. Оның ішінде 454 науқас аурудан айыға алмай қатыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG