Accessibility links

Бірнеше аймақта COVID-19 жұққан 44 адам анықталды


Коронавирусқа байланысты карантинге жабылған тұрғын үйдің алдында тұрған полиция қызметкерлері. Ақтөбе, 30 сәуір 2020 жыл.
Коронавирусқа байланысты карантинге жабылған тұрғын үйдің алдында тұрған полиция қызметкерлері. Ақтөбе, 30 сәуір 2020 жыл.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 4 мамыр күні таңертеңгі сағат 9.20-да коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 44 адамға көбейгенін хабарлады.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 8, Алматы қаласында - 6, Ақтөбе облысында - 7, Атырау облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 12, Жамбыл облысында - 3, Шымкент қаласында - 1 және Қарағанды облысында - 4 науқас анықталған..

Қазіргі ресми ақпаратқа сай, індет тарағалы Қазақстанда барлығы 3964 адамға вирус жұққан. 1084 адам дерттен жазылған. 27 адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG