Accessibility links

Қауіпті топтан қалай сақтану керек?


Ішкі істер министрлігі (ІІМ) мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев "соңғы кездері әлеуметтік желілерде кит образы арқылы суицидті насихаттайтын топтар тарап жатқанын" айтты. Оның сөзінше, ІІМ қазір интернеттегі осындай топтарды анықтауға кіріскен. Алмас Сәдубаев 2016 жылы елде кәмелетке толмаған баланы өзін-өзі өлтіруге мәжбүрлеуге қатысты тоғыз қылмыстық іс қозғалғанын, бірақ ол қылмыстарға әлеуметтік желінің әсері болғанына дерек жоғын айтты. Бұл топтарды қандай адамдар ұйымдастырады? Оған кімдер қызығады? Мұның бала санасына әсері қандай? Баласы мұндайға тап болған ата-аналар не істеуі керек? Осы сұрақтарға психолог Анна Мергенбай жауап берді.

XS
SM
MD
LG