Accessibility links

Президент үкіметті "қорқақ" деп атады


"Шешім қабылдарда аяқ-қолдарың қалтырайды"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

"Шешім қабылдарда аяқ-қолдарыңыз қалтырайды"

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет жиынына қатысып, Қазақстандағы банк жүйесін сынап, халықтың табысы, еңбекақыны дұрыс төлемейтін кәсіпорындар туралы айтты. Жиын басында үкімет мүшелеріне "жұмыстан кетіңдер" деп, кейін "қалыңдар, жұмыс істеңдер" деді.

Назарбаев келген жиынға министрлер, облыс әкімдері, сенат және мәжіліс депутаттары қатысты. Үкімет жиынын мемлекеттік телеарналар да, ресми агенттіктер де тікелей эфирден көрсеткен жоқ. Жиында Қазақстан президенті не айтты? Шолып шықтық.

  • Несиесі көп компанияларға қарыз берсеңіздер, ақшаны құртады және банктердің жұмысы құлдырайды. Несиені жақсы жұмыс істеген, қарызды қайтарған компанияларға ғана беру керек.
  • Келіспей жұмыс (премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевқа айтқаны – ред) істейсіздер. Екі түрлі үкіметте жұмыс істеп жатқан жоқсыздар ғой. Екі жерде отырып алып, органды бұзбаңыздар.
  • Банк құрылып, жұмысын бастайды. Адамдар сеніп, ақша алып келеді. Мемлекеттік квазисекторлар ақшаларын салады. Акционерлері салынған ақшаларды ұрлай бастайды. Бізде заң бар ғой. Оларды түрмеге қамау керек. Қашып кетеді, артынан бүкіл әлемді шарлап іздеп жүреміз. Данияр (ұлттық банк төрағасы Дания Ақышев – ред.) басыңмен жауап бересің. Қолыңа заңды ұстаттық. Мен жеке ведомство құрғым келген. Бірақ сен жауап беремін дедің. Сөзіңде тұр енді.
  • Үш жыл ішінде банкрот алдында тұрған кәсіпорындардың саны екі есе көбейген. Банктер несие бермейді дейсіздер. Ақшаны қайтармайтын болса банк қалай несие береді? Банктердің ісімен айналыспайтын болсақ, банк жүйесінде мәселелер шыға береді.
  • Экономиканы банкроттардан тазартпай, дамымаймыз. Үкімет те, банктер де сүрініп, құлай береді. Қорқасыздар ма? Банкротқа ұшырау – нарықта қалыпты жағдай. Министр емессіздер, үкімет емессіздер, қорқақсыздар. Шешім қабылдарда аяқ-қолдарыңыз дірілдейді. Не үшін жұмыс істеп отырмыз? Банктерді нашар несиелерден арылтыңыздар. Сонда ғана үкімет алдындағы міндеттеріңіз орындалды деген сөз.
  • Осында отырғандар (үкімет мүшелері – ред.) отандық костюмдерді киіп келуіміз керек. Мұнда тұрған ештеңе жоқ... Біз жеңіл өнеркәсіпті көтеруге көмектесеміз.
  • Санкциялар мен сауда соғысы жалғасып жатыр. Ел экономикасының өсімін төмендетіп алмас үшін барлық жағдайға дайын болуымыз керек. Былтырдан бастап мемлекеттік саясатты қайта қарай бастадым.
  • Табыс және өмір сүру сапасы – жұмыс нәтижесінің көрсеткіші деп жариялаймын. Министрлер мен әкімдердің жұмысын осы көрсеткішпен бағалау қажет.
  • Әлі күнге дейін ет, сүт, жеміс-жидекті сырттан әкелеміз. Тамақ, киімді импорттаймыз. Өзімізде жоқты шеттен алсақ болар, бірақ өзіміз өндіретіндер өнімдерді жеткізу керек.
  • Елдегі бүкіл мектепті интернетпен, транспортпен қамтамасыз ету қажет.
  • Бәріміз бір іс тындырып жатқан сияқтымыз. Қолымызды бұлғай береміз. Бірақ нақты жұмыс жоқ. Премьер-министр (Бақытжан Сағынтаев – ред.) барлық мәселені шешуі керек, бәрінің алдында болуы тиіс. "Орындарыңыздан кетіңіздер" деп жай айттым. Кетпеңіздер, жұмыс істеңіздер және есеп беріңіздер.
  • Жалақы төлемей, еңбек шартын бұзатын компанияларды бақылауда ұстау керек. Дұрыс еңбекақы төлемеу, зиянды кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге өтемақы бермеу, шетелдік компаниялардағы азаматтарымыздың құқығын бұзу – айтылып жүрген бассыздықтар. Ойына келгендерін жасап, бұза береді. Ондайға жол бермеу керек. Әкімдер қайта қарап отыр. Бұл – сіздердің жұмыстарыңыз ғой. Барлық жерде прокуратура мен сот бар. Бұл Асанов (Жақып Асанов – жоғарғы сот төрағасы) пен Қожамжаровқа да (Қайрат Қожамжаров – бас прокурор) қатысы бар. Жалақы төлемей заң бұзғандарды жазалау керек.
  • Авиаторларға, яғни Air Astana компаниясына біздің инвесторларымызға ұшатын рейс ашу міндетін қою керек. Еуропаға ұшамыз, енді АҚШ-қа, Жапонияға ұшуымыз керек.
  • Сіздерді ренжіткім келмейді. Қызметкерлеріңізді өздеріңіз тағайындайсыздар. Мүмкіндіктеріңізді, білімдеріңізді білемін. Бүгінгі үкімет қандай міндетті болмасын шешуге күші жетеді. Күні-түні жұмыс туралы ойлау керек.

Былтыр үкіметтің жыл қорытындысына арналған кеңейтілген отырысы 9 ақпанда өткен. Мұндай жиындарға әдетте үкімет мүшелері мен әкімдер қатысып, баяндама жасайды. Кейін президент өз сын-ескертпелерін айтады. Былтыр Назарбаев Қазақстанның банк саласындағы жағдайды сынап, мемлекет банктерге қолдау көрсетпеуі тиіс екенін айтқан.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет жиынында отыр. 30 қаңтар 2019 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет жиынында отыр. 30 қаңтар 2019 жыл.

Алайда 2018 жылдың соңында үкімет ұлттық банкпен бірге "Цеснабанктің" ауыл шаруашылығы саласына бөлген несиелерін 450 миллиард теңгеге сатып алған. Осы аптада қаржы министрі Әлихан Смайылов билік президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбековтің отбасы бақылайтын "Цеснабанкке" проблемалық несиелер қорынан 604 миллиард теңге (шамамен 1,6 миллиард теңге) бөлуді жоспарлап жатқанын растаған.

Үкімет отырысынан кейін әкімдер мен министрлер не айтты?

"Медицинаны дамытамыз, жолдарды саламыз"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:53 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG