Accessibility links

Нұр-Сұлтан мен Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері үстемақы талап етті


Нұр-Сұлтан қалалық орталық жедел жәрдем станциясы көлігі. 15 сәуір 2020 жыл.
Нұр-Сұлтан қалалық орталық жедел жәрдем станциясы көлігі. 15 сәуір 2020 жыл.

15 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері жиналып, коронавирус пандемиясына байланысты мемлекет тағайындаған үстемақыны бәріне бірдей төлеуді талап етті. Елде коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің вирус жұқтырғаны көбейген шақта "президент уәде еткен үстемақыдан қағылдық" деп наразылық білдірген олар қаржылай үстемақының жедел жәрдем қызметіндегілердің бәріне бірдей төленгенін қалайды.

Жедел жәрдем қызметкерлері "үстемақыдан қағылғанына" наразы
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:06 0:00

Нұр-Сұлтан қалалық жедел жәрдем орталығының фельдшерлері карантин ұзартылған соң коронавируспен жұмыс істеуге тек он бриагада шығарылып, соларға ғана үстемақы төленеді деп естігенін айтады. Олар бұнымен келіспейді, қазірдің өзінде өте көп, кейде күніне 18 мәрте шақырту түсетінін алға тартады.

- Енді бұл президенттің бұйрығы бойынша үш айға деді. Вирус болса әлі тарап жатыр. Мысалы, шақыртуға барсақ дене қызуы туралы айтады, оның коронавирус екенін білмейміз, пневмония деп алып келсек вирус болып шығады, - деді аты-жөнін айтқысы келмеген фельдшер Азаттық тілшісіне.

Нұр-Сұлтан қалалық жедел жәрдем орталығы директоры Мұрат Оразбаев кәсіпорын қызметкерлерімен сөйлескенін айтты.

- Кәсіпорын қызметкерлеріне наурыз айына тағайындалған төлемдер уақытылы берілді. Егер сәуір айында қандай да бір өзгерістер болса, біз қызметкерлерді толығымен таныстарымз, - деді ол.

Маңғыстау облысында Ақтау қалалық жедел жәрдем қызметкерлері де үстемақы туралы талабын Facebook әлеуметтік желісінде жариялады. Видеода наразылардың облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығын шақырғаны көрінеді. Жедел жәрдем дәрігері Алтынай Молдабекова екінші және үшінші санатты қызметкерлердің үстемақы алатындар тізімінен не себепті алынып тасталғанына басшылықтан жауап талап етті.

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов Азаттыққа президент жар.лығына сәйкес аймақта коронавирус індетіне байланысты жұмыс істеген медицина қызметкерлерінен 361 адамның алғашқы үстемақыны алғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, облыстағы жедел жәрдем саласында қызмет ететін 631 адамды бөліп-жармай, барлығына екі айлық еңбекақы көлемінде сыйақы беру туралы шешім қабылданған.

30 наурызда Қазақстан үкіметі вируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қосымша үстемақы тағайындаған. Бұл қаржының кей топтағы адамдарға ғана берілуі медицина қызметкерлерінің наразылығын тудырып, олар үстемақыны науқастармен күнделікті жұмыс істеп жүргендердің бәріне бірдей төлеуді талап еткен. Өткен аптада ақтөбелік жедел жәрдем дәрігерлері де осындай талап қойған. Президент жарлығында үш топқа бөлінген медицина қызметкерлеріне 212 мыңнан 850 мыңға дейін үстемеақы төленетіні айтылған.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар - 1295 адам, оның 240-ы дерттен айықты. 16 адам қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG