Accessibility links

Наразылар депутаттарды ғимараттан шығармай қойды


Наразылар депутаттарды ғимараттан шығармай қойды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:12 0:00

Сейсенбі кешке Армения астанасы Ереванда елдегі заң шығарушы орган - Ұлттық жиналыс ғимаратының алдында премьер-министр Никол Пашинянды қолдайтын азаматтар жиналып, парламент регламенті туралы заң жобасына қарсылық танытқан. Жиналғандар депутаттарды шығармай, ішке енуге тырысқан. Заң жобасына қарсы азаматтардың пікірінше, бұл жобаны қолдайтын саяси күштер парламенттің таратылуы мен кезектен тыс сайлау өткізуге кедергі жасап, билікте ұзағырақ қалғысы келеді. Көп ұзамай парламентке кіріп, парламенттік фракциялармен келіссөз жүргізіп шыққан Пашинян биліктегілерге “халықтың үні жеткенін”, ондағы саяси күштердің өзге премьер-министрді ұсынуды жоспарлап отырмағанын айтты. Митингіде Пашинян парламент жұмысын реттеуге қатысты мәселені шешуде өз ұсынысын білдірді. Пашиняннің ұсынысы бойынша, ол премьер-министрліктен отставкаға кетеді және егер парламент өзін екі ретте де премьер-министр қылып сайлай алмаса, онда конституция бойынша парламент тарайды да, мерзімінен бұрын сайлау өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG