Accessibility links

Одақтас республиканың СССР-ден шығу тәртібі туралы


"Одақтас республиканың СССР-ден шығуына байланысты мәселелерді шешудің тәртібі туралы" заң 1990 жылғы сәуірде қабылданған. Заң Қазақстан компартиясының ресми басылымы "Социалистік Қазақстан" газетінде 8 сәуірде жарияланған.

Бұл заңның 2-бабында Одақтас республиканың СССР құрамынан шығуы туралы шешім референдум арқылы қабылданады деп көрсетілген. 14-бабының 7-тармағында Совет одағы құрамынан шығатын республика СССР құрамына кірген сәтте оның қарамағына жатпаған территориялардың статусын СССР-мен келісуі тиіс екені жазылған. Бірақ Қазақстан СССР құрамынан шығу жөнінде мәселе көтерген емес.

Қазақстан тарихшыларының пікірінше, СССР құрылғаннан кейін Қазақстанға сырттан қосылған жер жоқ.

Бұл заңның күші 1991 жылы 8 желтоқсанда Беларусьтегі Беловежье тоғайында РСФСР президенті Борис Ельцин, Украина президенті Леонид Кравчук және Беларусь жоғарғы кеңесінің төрағасы Станислав Шушкевич Совет одағын таратқаннан кейін жойылды.

Қазақстан тәуелсіздігін СССР тараған соң сегіз күннен кейін, 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG