Accessibility links

Митингіден кейін қамалғандардың алды босап шықты


10 тәулікке қамалғандар бостандыққа шықты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:29 0:00

Видео: 10 тәулікке қамалғандар бостандыққа шықты

Алматы мен Нұр-Сұлтанда 1 мамырдағы наразылық шарасынан кейін 10 тәулікке қамалған бірнеше тұрғын 12-13 мамырда бостандыққа шықты.

13 мамырда таңертең Нұр-Сұлтандағы әкімшілік жазаға тартылғандарды қамауда ұстайтын уақытша изолятордан Ермекбол Тілеухан, Жанат Бекмағанбетов және Олжас Алшымбай босап шықты. Сот үшеуін "рұқсат етілмеген митингіге қатысты" деп айыптап, 10 күнге қамаған.

- Үкіметтің шамасы он күнге қамауға жетіп тұр ғой. Менімен бірге жас бала Алтынбек Орынтайұлы жатты. Оны сот бес күнге қамаған. Бірақ кейін 11 мамыр күні шығасың деді, одан соң 14 мамырда шығасың деді. Тағы бес күн қосып берді. Мазақ қылды. Жап-жас балаға қарап, жүрегім ауырды. Қамауда қысым жасамады. Бірақ жүрек ауырады екен. Он күн жалақым кесілді. Он күндік ақшам балаларымның тамағы еді, - дейді қамаудан шыққандардың бірі Ермекбол Тілеухан.

1 мамырдағы наразылық кезінде ұсталып, қамалған Ермекбол Тілеухан изолятордан шыққан сәт. Нұр-Сұлтан, 13 мамыр 2019 жыл.
1 мамырдағы наразылық кезінде ұсталып, қамалған Ермекбол Тілеухан изолятордан шыққан сәт. Нұр-Сұлтан, 13 мамыр 2019 жыл.

Қамаудан шыққан Олжас Алшымбайды әйелі, кішкентай баласы және жақындары күтіп алды.

- Қамауда отырғанда көп нәрсені саралап, ойлануға уақыт болды. Митингіге шыққаныма еш өкінбеймін. Уақыт тез өте шықты. Ешқандай қысым болмады. Қызметкерлер де адам ғой, көмектесті, қарады. Олар да түсінеді. Митингіге шығып, өз ойымды айтқым келді. Сотта екінші рет шықсаң, 30 күнге қамаймыз, үшінші рет қылмыстық іс қозғаймыз деп ескертті, - дейді Олжас Алшымбаев.

10 күнге қамалып шыққан 37 жастағы Жанат Бекмағанбетов "тек әділдікті қалайды".

- Елде әділдік жоқ. Халыққа әділдік керек. Адам көлікке мас күйінде айдап ұсталса, қамалмайды. Ал ойыңды айтқан үшін қамайды, - дейді ол.

12 мамырда Алматыда қамаудан кем дегенде үш адам босап шықты. Олардың арасында "рұқсат етілмеген митингіге қатысты" деп айыпталып, 10 күнге қамалған Қанат Атығаев, Құдайғашүкір Абдуллаев, Муслим Сапарғалиев бар.

- Қазақстанда АЭС салуға қарсы шықтым. Сот екі минутқа жетпей, шешім шығарып, тағдырымды шешіп тастады. Сотта бейбіт шеруге шығуға құқылымыз деп айттым.Ал [митингіде] ешқандай артық сөз айтқан жоқпын деп ойлаймын, - дейді Құдайғашүкір Абдуллаев.

1 мамырдағы наразылық кезінде ұсталып, қамалған алматылық Құдайғашүкір Абдуллаев. 13 мамыр 2019 жыл.
1 мамырдағы наразылық кезінде ұсталып, қамалған алматылық Құдайғашүкір Абдуллаев. 13 мамыр 2019 жыл.

1 мамырда Қазақстанның бірнеше қаласында билікке қарсы наразылық шарасы өтті. Наразылар "Біздің өз таңдауымыз бар!", "Тоқаев біздің президентім емес!", "Дариға [Назарбаева] спикерім емес!", "Нұр-Сұлтан астанамыз емес!", "АЭС-ке қарсымыз!", "Халық пікірімен санасыңыздар", "Көп балалы аналарға жәрдем берілсін!", "Шындықтан қашып құтылмайсың!", "Шал, кет!" деп айқайлады.​

Ішкі істер министрлігі 1 мамырда Нұр-Сұлтан мен Алматыда "елде тыйым салынған ұйымның лозунгін айтып, полицияға бағынбаған" 80 адамның ұсталғанын хабарлады. Бірақ министрлік жалпы қанша адамның әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы дерек таратпады. Азаттық Нұр-Сұлтан мен Алматыда 20-ға жуық адамның жауапқа тартылғанын анықтады. Олардың кейбірі 5-10 тәулікке қамалса, кейбіріне 50 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін айыппұл салынды. Сот ұсталғандарға "рұқсат етілмеген митингіге қатысты» және "полицияға бағынбады" деген айып тақты.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNEWS 26.02.2020
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:15 0:00
XS
SM
MD
LG