Тамара Калеева: Қазақ журналистеріне кедергі түрі көбейіп келеді
2 қараша – журналистерге қарсы қылмыстың жазасыз қалуына тойтарыс беру күні. Алты жыл бұрын бекітілген атаулы күні БҰҰ дүние жүзінде тілшілерге қарсы жасалған кез келген әрекетке жол бермеуге үндеп, журналистерді қудаламауға шақырады. Қазақстандық құқық қорғаушылар баспасөзге қысым түрі көбейгенін айтады. Толығырақ оқу үшін >>>
Ерлан Қарин: Қауіпсіздік кеңесін құратын президент оны тарата алады
Таяуда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "жоғары лауазымды басшы қызметтерге Қауіпсіздік кеңесі келісімімен тағайындау" туралы жарлығы "Қазақстанда қос билік" орнады деген пікірлерді одан әрі үдетті. Президент кезінде өзін "Қауіпсіздік кеңесінің өмір бойғы төрағасы" етіп бекіткен Нұрсұлтан Назарбаев екінші президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзырын шектеп отыр ма? Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық сенім кеңесі қандай іс бітірді? Парламенттің келесі сайлауына дейін "Сайлау туралы" заң өзгере ме деген сауалдарды Азаттық тілшісі Қасым Аманжол Қазақстан президентінің кеңесшісі Ерлан Қаринге қойды.
Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына "пана іздеуші" куәлігі беріледі
Қытайдан "шекараны кесіп өтіп", Қазақстанда екі айға қамалған Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына "пана іздеуші тұлға" куәлігі беру туралы шешім қабылданған. Бұл туралы олардың адвокаты Бауыржан Азанов хабарлады. Бір топ белсенді Қазақстан басшылығынан шыңжаңдық екі қазаққа босқын мәртебесін беруді сұрайды. Толығырақ оқу үшін >>>
"Тоқаев өзіне қойылған шартты ғана орындап отыр"
Қазақстанда қос билік орнады ма? Лауазымға тағайындау туралы шешімді бұрынғы президент басқаратын Қауіпсіздік кеңесінің мақұлдауымен қабылдау жайлы президент жарлығының астарында не жатыр? Азаттық осы және өзге сұрақтарды қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтиске қойды. Толығырақ оқу үшін >>>
"Қазақстанда митингісіз ештеңе шешілмейтін болды"
Әлеуметтік желі қолданушылар Солтүстік Бозащы кенішіндегі мұнайшылар наразылығын талқылады.
"Қытайдан қашқан" екі қазақтың мәселесін қалай шешу керек?
Қытай шекарасынан заңсыз өтіп, Қазақстанда екі айға қамалған Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын ісі қалай шешілуі керек? Азаттық бұл сұрақты мәжіліс депутаттарына қойды.
"Қазақстандағы қос президент" немесе билік кімнің қолында?
Батыс басылымдары осы апта Қазақстанның бұрынғы президентінің қолындағы кең өкілет туралы жазып, биліктің "тек қағаз жүзінде ғана тапсырылғанын" айтқан. Шетел ақпарат құралдары, сонымен бірге Қазақстандағы Қытайға қарсы наразылықтың себебіне үңіліп, Пекиннің инвестициялық жобаларының жартысына жуығы мұнай-газ секторына бағытталған деген дерек келтірген. Толығырақ оқу үшін >>>
ПІКІРЛЕР