Accessibility links

Өмірзақ Шөкеев: Мақтаралда 845 үйді су алып, 14 ауыл эвакуацияланды


Тасқын судан құлаған үй. Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Өргебас ауылы, 3 мамыр 2020 жыл.
Тасқын судан құлаған үй. Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Өргебас ауылы, 3 мамыр 2020 жыл.

Өзбекстанда жарылған су қоймасынан зардап шеккен Мақтарал жұртының мүлкі Арыс тәжірибесі бойынша есептеледі. Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев бұл туралы бүгін, 5 мамырда үкімет отырысында айтқан.

"Арыста жинаған тәжірибеміз бар, су қайтқан соң әрбір үйді аралап, кімнің қандай зардап шеккенін анықтаймыз. Содан соң комиссия құрып, үйлерді қалпына келтіру, шығындарды өтеу жөнін қарастырамыз" деген Шөкеев.

Әкімнің сөзінше, көршілес Өзбекстандағы су қоймасының апаты салдарынан Түркістан облысының Мақтарал ауданында 845 үй, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медицина ғимараты мен мәдениет үйі және 54,7 км көпір мен жолды су алған. Мұнан өзге 7639 га егістік су астында қалған.

14 ауылдың 31606 адамы эвакуацияланған. Бес ауылды су алған, екі ауылға төнген тасқын қатері тоқтаған, барлығы 19 эвакуация пункті ұйымдастырылған.

Су астында қалған Өргебас тұрғындары Тоқаев пен Шөкеевті іздейді. 3 мамыр 2020 ж.

Су астында қалған Өргебас тұрғындары Тоқаев пен Шөкеевті іздейді
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:13 0:00

Өмірзақ Шөкеев тасқын су жерге сіңбей ұзақ тұруы мүмкін болғандықтан әртүрлі жыра қазылып, суды техникамен тарту тәсілдері қолданылады деп айтқан.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының 10 ауылын су алып, 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды деп мәлімдеген болатын.

1 мамырда Мақтарал ауданына жақын Өзбекстанда Сардоба су қоймасы жарылып, айналасындағы ауылдарды су алған. Ертеңіне Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы бірнеше ауылға тасқын су кіріп, ауданда төтенше жағдай жарияланған.

Оқи отырыңыз: Топан су басқан ауыл адамдары үдере көшті

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG