Тасқыннан үйсіз қалғандар үй салып жатыр
Ақтөбедегі тасқын кезінде үйсіз қалған 51 отбасы әкімдік берген жерге жаңа баспана салып жатыр. Әкімдік есебінше, басқа аймақтардың халқынан 144 миллион теңге көлемінде жылу жиналған. Бұл қаржыға құрылыс материалдарын алып, оны тұрғындарға берген.