Accessibility links

«Жарылған» жігіттің ауылы

Қарағанды облысы Балқаш қалалық әкімшілігіне қарасты Гүлшат ауылында маусымның 26-сында полицияның арнайы операциясы кезінде 27 жастағы Жақсылық Махмұтов өзін-өзі жарып жіберді. Бірнеше адам тұтқындалған. Полиция «экстремистік топ террорлық акт жасауды көздеген» дейтін ақпарат таратты. Балқаштан 50 километр жердегі ауылда, тұрғындар дерегінше, 30-ға жуық отбасы тұрады. Бұрын совхоз болған ауылда қаңырап бос қалған үй көп. Ауыл тұрғындары азын-аулақ мал ұстайды, Балқаштан балық аулап, Ресейдің бұрынғы әскери қалашығынан қалған темір-терсектерді жинап күнелтеді. 4 шілде 2016 жыл.
Түгел оқыңыз

Тағы

XS
SM
MD
LG