Accessibility links

Әлем чемпионаты

Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан командасына үшінші алтынды әперген Илья Ильин төртінші рет әлем чемпионы атанды.

Ауыр атлетикадан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында сенбі күні 105 килограмда сынға түскен қазақстандық атлет Илья Ильин команда қоржынына үшін алтынды салып, өзі спорттың осы түрінен төрт дүркін әлем чемпионы атағына ие болды. Бұған дейін Жасұлан Қыдырбаев 94 килограмм салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған. Онымен бір салмақ дәрежесінде сынға түскен күміс жүлдені тағы бір қазақстандық Владимир Седов иеленген. Әйелдер арасындағы бәсекеде Жәзира Жаппарқұл 77 килограмм салмақ дәрежесінде күміс медаль алды. Оған дейін қазақстандық Зүлфия Чиншанло (58 килограмм) алтын медаль алған.

XS
SM
MD
LG