Accessibility links

1916 жылғы көтерілісті жаңаша тану жайы айтылды

Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс басшыларының бірі Амангелді Иманов жасағының байланысшылары.

Тарихшылар Қазақстанда 1916 жылы болған ұлт-азаттық көтерілісті түсіну үшін оны сол кезде Орталық Азияда болған бас көтерулермен біріктіре зерттеу қажет деп біледі.

Қазақстандық тарихшы профессор Мәмбет Қойгелді елде 1916 жылы болған көтеріліс тарихы тар ауқымда қарастырылып келгенін айтады. Оның пікірінше, Ресей патшасы Екінші Николайдың Орталық Азия мен Сібірдегі «бұратана халықтардан» 400 мың адамды майданның тыл жұмыстарына алу жайлы «Реквизициялау туралы» жарлығына қарсы шыққан көтерілісті бір ел ауқымында бағалау жөн емес.

– Методологиялық-теориялық тұрғыдан қарағанда тар арнада қарау қате болып шықты. Кең арнада, тіпті Орталық Азия кеңістігінде ғана емес, әлемдік контексте, тарихи үрдістер ішінде қарау қажет. Себебі бұл мезгілде Орталық Азияда ояну үрдісі жүріп жатты, – деді Мәмбет Қойгелді Астанада өткен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияда.

1916 жылғы көтеріліс жайлы жиынға келген ғалымдар. Астана, 23 маусым 2016 жыл.

«ДІНГЕ ҚЫСЫМ МЕН ТЫЛҒА ШАҚЫРУ»

Қазақстандық тарихшының пікірімен қырғызстандық тарихшы Толобек Абдырахманов та келіседі. Ғалым оған қоса Орталық Азиядағы 1916 жылғы көтеріліс себептерін түгендегенде діни фактор да көп айтылмай келеді деп біледі.

– Жергілікті халықтың көтеріліс жасауына жанама түрткі ретінде діни жағдай әсер еткен. Мәселен, сол кездері тек Қырғызстанда 200-дей ауылда шіркеулер жұмыс істеп тұрды. Шіркеу салуға ешқандай шектеу болмады. Ал мешіт салу үшін отаршыл генерал-губернатордың арнайы рұқсаты керекболған, – дейді қырғыз ғалымы.

Толобек Абдырахманов патшалық Ресей билігінің дінге қысымы Қырғызстанда 1916 жылғы жарлыққа қарсы көтерілісті қоздырған себептің бірі деген пікір айтады.

– Осындай шетін жағдайда патшаның тылға адам алу жарлығы жетті. Ол дәлораза кезі еді. Молдалар «оразаны ешкімнің бұзуға хақы жоқ» деп жастарды қарсылыққа алып шықты, – дейді тарихшы.

Қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің картасы.

Татар ғалымы, Қазандағы Маржани атындағы тарих институтының жаңа тарих кафедра меңгерушісі Ильдус Загидуллин Орталық Азияның кей елдерінде 1916 жылғы көтеріліс кезінде дін мәселесі де маңызды болғанын айтады.

– Осман империясы Ресей, Англия, Франция мұсылмандарына өз мемлекеттері мен билігіне қарсы жиһадқа шығуға пәтуа шығарды. Ресей билігі дереу әскери бөлімдерде діни көңіл-күйді қадағалауды қолға алып, молдаларды идеологиялық қызметкер ретінде пайданаланды. Себебі армияда мұсылман офицер өте аз еді, – дейді ол.

Ильдус Загидуллин Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орталық Азиядағы халықтарды тыл еңбегіне шақырып жатқан кезде татарлар мен башқұрттар патша боданы ретінде соғыста жүргенін айтады.

– Бастапқыда майдан даласында молдалар жетпегендіктен қаза болған мұсылмандарды христиандық діни жоралғы бойынша жерлеген. Бұл жауынгерлердің көңіл-күйіне теріс әсер етті, – дейді ол.

Ал қазақстандық ғалымдар елдегі 1916 жылғы көтеріліске діннің қандай қатысы болғаны анықталмағанын айтады.

– 1916 жылғы көтерілістегі дін мәселесі Қазақстанда әлі зерттелмеген, – дейді түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.

1916 ЖЫЛҒА ӘРТҮРЛІ ПЕЙІЛ

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияда бұл оқиғаға Орталық Азия елдерінде әртүрлі деңгейде мән берілетіні де сөз болды.

Қырғызстандық тарихшы Тынчтыкбек Чороевтың (Чоротегин) айтуынша, қырғыз қоғамында 1916 жылғы көтеріліс пен үркіншілікке қызығушылық жоғарғы.

Қырғызстандық тарихшы Тынчтыкбек Чороев (оң жақ шетте) әріптестерімен бірге тұр. Астана, 23 маусым 2016 жыл.

– Қырғызстанда мемлекет ақша бөлмесе де, сценарий бекітпесе де, ықтиярлы азаматтар өз күштерімен көркем фильм түсіріп жатыр, – дейді ол.

Қырғызстан биыл тамызда 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығын елпрезидентінің бұйрығымен атап өтпек.

Қазақстандық жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт бұл елде Қырғызстанмен салыстырғанда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің көркем өнерде бейнеленуі мардымсыз екенін айтып қынжылады.

– 1916 жылғы көтерілістің бірі Қарқара көтеріліс туралы Совет Одағы кезінде Мұхтар Әуезов «Қилы заман», тәуелсіздік кезінде Бексұлтан Нұржекеұлы «Әй, дүние-ай» романын жазды. Бірақ Қарқара көтерілісінде қазақ пен қырғызға бірдей басшылық жасаған Жәмеңке Мәмбетұлының әдеби келбетін әлі күнге дейін жасай алмай жүрміз, – дейді ол.

1916 жылы 25 маусымда Бүкілресей императоры Екінші Николайдың Астрахань губерниясы мен Сібірдегі және Орта Азиядағы «бұратана» жұрттарды майдандағы армияның қорғаныс құралдарын салуға мобилизациялау жайлы жарлығы шықты. Бұл жарлық бойынша 19-43 жас аралығындағы 400 мың адамды қара жұмысқа тартпақ болды.

Бұл жарлықтан кейін Қазақстанда және Орталық Азияда ірілі-ұсақты көтерілістер болды. Патша үкіметі мұндай көтерілістерді басу үшін жазалаушы отрядтар жіберіп, мыңдаған көтерілісшіні түрмеге қамап не өлім жазасына кесіп, жүз мыңдаған адамды көрші елдерге бостырды. Қазақ даласындағы бұл көтеріліс 1917 жылы Екінші Николай император тақтан құлағанға дейін жалғасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: 1916 жылғы оқиғаға қатысты Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатында сақталған суреттер (үстінен бассаңыз, толық форматта көре аласыз).

1916 жылғы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Торғай өзені маңындағы Амангелді мен Әбдіғапар бастаған көтерілісшілер штабы орналасқан Дүкенбай үйі. Үрпек қонысы, Қараторғай болысы.
1/19 Торғай өзені маңындағы Амангелді мен Әбдіғапар бастаған көтерілісшілер штабы орналасқан Дүкенбай үйі. Үрпек қонысы, Қараторғай болысы.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі, халық батыры Амангелді Иманов. Әбілхан Қастеев салған сурет.
2/19 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі, халық батыры Амангелді Иманов. Әбілхан Қастеев салған сурет.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің картасы.
3/19 Қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің картасы.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Амангелді Иманов жасағының штабы орналасқан Дүкенбай ауылы.
4/19 Амангелді Иманов жасағының штабы орналасқан Дүкенбай ауылы.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Жазалаушы отрядқа тосқауыл болған Торғай өзені, Тоңабай ауылының тұсы.
5/19 Жазалаушы отрядқа тосқауыл болған Торғай өзені, Тоңабай ауылының тұсы.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Амангелді Иманов ұстаханасының құрал-саймандары
6/19 Амангелді Иманов ұстаханасының құрал-саймандары
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
1916 жылғы Торғай көтерілісшілерінің қару-жарақтары.
7/19 1916 жылғы Торғай көтерілісшілерінің қару-жарақтары.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Амангелді Имановтың жеке хатшысы Әлмағамбет Жанбеков (оң жақта) пен эскадрон командирі Жаппасбаев (сол жақта).
8/19 Амангелді Имановтың жеке хатшысы Әлмағамбет Жанбеков (оң жақта) пен эскадрон командирі Жаппасбаев (сол жақта).
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Амангелді Иманов жасағының байланысшылары.
9/19 1916 жылғы көтеріліс кезіндегі Амангелді Иманов жасағының байланысшылары.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Торғай облысындағы 1916 жылғы Амангелді Иманов басқарған көтеріліске және кейін азамат соғысына қатысқан ақын Әбжан Құндызбаев.
10/19 Торғай облысындағы 1916 жылғы Амангелді Иманов басқарған көтеріліске және кейін азамат соғысына қатысқан ақын Әбжан Құндызбаев.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Қайраңбай Малшаұлы – 1916 жылғы көтеріліске қатысушы, Амангелді жүздігінің жетекшісі.
11/19 Қайраңбай Малшаұлы – 1916 жылғы көтеріліске қатысушы, Амангелді жүздігінің жетекшісі.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Амангелді Иманов жасағы жазалаушы отрядқа қарсы атысқан Өтебай үйі.
12/19 Амангелді Иманов жасағы жазалаушы отрядқа қарсы атысқан Өтебай үйі.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Амангелді жасағының ұстасы Сыздық Қызыров.
13/19 Амангелді жасағының ұстасы Сыздық Қызыров.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Меркі көтерілісшілерінің жетекшісі.
14/19 Меркі көтерілісшілерінің жетекшісі.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Жетісудағы көтерілісті жазалаушы отрядтың басып-жаншуы кезінде қираған ауылдың жұрты.
15/19 Жетісудағы көтерілісті жазалаушы отрядтың басып-жаншуы кезінде қираған ауылдың жұрты.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Амангелді Иманов пен көтерілісшілер. Суретші Әбілхан Қастеев картинасының көшірмесі.
16/19 Амангелді Иманов пен көтерілісшілер. Суретші Әбілхан Қастеев картинасының көшірмесі.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Мүсінші А.А.Лебедевтің «1916 жылғы көтерілісшілер» туындысының көшірмесі.
17/19 Мүсінші А.А.Лебедевтің «1916 жылғы көтерілісшілер» туындысының көшірмесі.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Амангелді Иманов жасағының жазалаушы отрядпен шайқасын бейнелейтін картина.
18/19 Амангелді Иманов жасағының жазалаушы отрядпен шайқасын бейнелейтін картина.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Казактардың көтерілісшілерді жазалауы. Суретші картинасынан көшірме.
19/19 Казактардың көтерілісшілерді жазалауы. Суретші картинасынан көшірме.
Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.
Previous slide
Next slide

Айдар
XS
SM
MD
LG