Accessibility links

Бекарыс пен Маржанның айтысы


Маржан Есжанова, айтыскер ақын. Алматы, 12 ақпан 2011 жыл
Маржан Есжанова, айтыскер ақын. Алматы, 12 ақпан 2011 жыл

Ақпанның 12 күні Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрында «Жүрсіннің жүйріктері» атты айтыс болып өтті. Қалың көрерменнің жартысы залға симай сыртта қалды.


Бекарыс пен Маржанның айтысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:24:45 0:00
Жүктеп алу


Айтысқа жиналған халық 470 орындық театрдың ішіне симай кетті. Ішке кіре алмай қайтқандардың қарасы да бір қауым ел. Театр қызметкерлерінің айтуынша, бұл жыр сайысына билеттер бір апта бұрын сатылып бітіп кетіпті.

Айтысты белгілі айтыскер Аманжол Әлтаев жүргізді. Алты жұп құрап шыққан айтыскерлердің алғашқы көшін сахнаға Бекарыс Шойбеков пен Маржан Есжанова бастап шықты.

Өзара әзіл қалжыңға құрылған бұл айтыста Бекарыс Шойбеков елдегі саяси оқиғаларды Жүрсін ақынның туған күнімен, оған айтылып жатқан қошамет сөздермен байланыстыра отырып:

– Онсыз да осал жігіт емес Жүрсін,
Онан сайын барасың тұлғаланып,
Сол сөздердің ыстығы басылмастан,
Уа, Жүке жасасайшы бір жаңалық.
Абаймен тайталасып тұрғаныңда,
Сайлауға түссеңші тура барып, – деп бір төгілтсе, бүгінгі президенттің қандай жолмен болса да жеңетінін меңзеп, келесі шумақтарын:

– Өзіңді ардақтайтын Алашың көп,
Өзіңе дауыс берер жанашыр боп.
Қайтсеңде сенің бірақ елбасыдан
Жеңіліп қаларыңа таласым жоқ.
Ау, Жүке, оған бола өкпелеме,
Ойлаймын келер жолы шабасың деп.
Баяғыда бізді де алдаушы ең ғой,
«Сен өзің жанып тұрған баласың» деп.
Айтыстан екінші орын алып қалсақ,
«Келер жолы бас жүлде аласың» деп, – деп жалғастырды.

Маржан Есжанова бұл айтыста саяси тақырыптарға баруды жөн санамаған секілді. Бекарыстың айтыстардағы алған жүлдедерін санаудан көп аса қоймады. Шойбековтің «Жиырма жылда бір машина мінгізген, ағаң сенің тас екен ғой» деген әзіліне уәж ретінде:

– Мен өзім жеңбесем де ау, ағайын,
Айтыстан намыс көрем қап қоюды.
Жеңбесем де Амантай қажы құсап,
Жарыс көрсем білмеймін тоқталуды.
Ол ағам екі рет құлап еді,
Айғайлап биыл тағы топқа кірді.
Бекарыстай бәйгелер алғанымша,
Қоймаймын Амантайдай «аттанымды», – деп ғана жауап қатты.
XS
SM
MD
LG