Accessibility links

Қарауылдағы айтыс: Аслан мен Әсем


Аслан Ғафуров, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Қыркүйектің 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.


Сол айтыста сөз сайыстырған өскемендік Аслан Ғафуров пен астаналық Әсем Ережеқызы ежелден бір-бірінің сырына қанық екендерін танытып, айтыстың өн бойында жеңіл әзілмен қағытып қана отырды.

Айтысты бастаған сәттегі Аслан Ғафуровтың:

– Ұлы Абай аласармас асқарымыз,
Мәңгілік таусылмайтын дастанымыз.
...Ақындар, біздер үшін асқан бақыт,
Киелі топырақты басқанымыз, – іспетті алдын ала дайындап келген арнау өлеңдерінен басқа қоғамдық тақырыптар мен әлеуметтік мәселерге қатысты айтылған сөз ақын жырынан кездеспеді.

Ал Әсем Ережеқызы қарсыласының қара басын ғана сөз етті:

– Дедің-ау «сені көріп қобалжыдым»,
Әсем Ережеқызы, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
Әсем Ережеқызы, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.

Табыласың сен ылғи осы арнадан.
...Сен де сол иі жұмсақ жігіт еді,
«Жоқ» деген қыз сөзінен аса алмаған.
Қыз күнгі «балқаймағым» деп айтардай,
Жарытып сөз айтып ең қашан маған.
Дидар мен Төреғали он сегізде,
Біздерге жеңеше деп қақаңдаған.
Ал Аслан бәз-баяғы қалпында отыр,
Жинақтап тәжірибе жасанбаған.
Бұл қызық жігіт екен, отыз беске
Келсе де, қобалжуын баса алмаған, – деп, қыз бен жігіт айтысы үлгісімен шектелді.


Аслан мен Әсемнің айтысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:21:02 0:00
Жүктеп алу

Пікірлерді көріңіз (1)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG