Accessibility links

Астанадағы айтыс: Нұрдәулет пен Еркебұлан


Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.

2011 жылы Желтоқсанның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өтті.


Қызылордалық Нұрдәулет Махамбетов пен астаналық Еркебұлан Қайназаров айтыстың ақырғы күні алғашқы жұп болып сахнаға шықты.

Нұрдәулет Махамбетов жиырма минутқа созылған сөз сайысында қоғамдық-әлеуметтік тақырыпта бір ауыз үн қатпады. Ол айтысқа тақырып болған тәуелсіздік туралы:

– Тәуелсіздік - бұл бақыты,
Бүгінгі біздің қоғамның.
Сезіну керек жүрекпен,
Сәулесі болса санаңның, - деді.

Желтоқсанның 3 күнгі айтысында президент пен Астана туралы ғана айтқан Еркебұлан Қайназаров ақтық кезеңде балабақша мәселесін тілге тиек етті:

– Бүгінде тұңғышымның тілі шығып,
«Әке, қашан бақшаға барам?» деп жүр.
Байқасам, 5 мыңыншы кезек деген,
Қартайғанда жетермін оған мен бір.
Сөйтіп жүріп балама ақыл кіріп,
Жағдайым одан бетер жаман боп жүр.
«Әкетай, бақшаңды іздеп әуре болма,
Бұйыртса мектепке енді барам» деп жүр.
Сөйтіп жүрім баламның есі кіріп,
Өзіммен айтысатын заман боп тұр.
Сен мені балабақшаға апарғанша,
Мен сенің немереңді бағам деп жүр.

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
please wait

No media source currently available

0:00 0:23:17 0:00
Жүктеп алу

Пікірлерді көріңіз (3)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG