Accessibility links

Серікзат пен Ақмаралдың айтысы


Айтыскер ақын Ақмарал Леубаева. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Айтыскер ақын Ақмарал Леубаева. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ақпанның 11-і мен 12-сі күні «Қонаевтай ер қайда» деген атпен айтыс өтті. Астаналық Серікзат Дүйсенғазин көрермендер тартқан жеребе бойынша сахнаға Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскері Ақмарал Леубаевамен шықты.


Екі ақын өздеріне дейінгі айтыскерлер секілді Жаңаөзен тақырыбына тоқталды.

Сөз бастаған Серікзат Дүйсенғазин:

- Дәл биыл желтоқсанға 25 жыл,
Алау жаққан мұзға - 70 жыл үрленбеген.
Колбинді Қонаевтың орнына әкеп,
Жастарға «ұлтшылдар» деп күн бермеген.
Оны да біздің билік ескермеді-ау,
Жаңа жылды тойлауды білгенменен.
...Желтоқсанды Колбиннен көріп едік,
Жаңаөзенді, құдай-ау, кімнен көрем? - деді.

Серікзат ары қарайғы сөзін парламентті сынаумен жалғап:

- Ұлттың сөзін сөйлейтін депутаттар,
Парламентке сайланбай қалып отыр.
Парламент елдің сөзін сөйлер десем,
Билікпен бір әуенге салып отыр.
Французшадан парламентті аударсаңыз,
Сөйлейтін орын деген мағына тұр.
Ал сонда түсінбеймін, парламентте,
Сөйлемейтін адамдар неғып отыр? - деді.

Ақмарал Леубаева қарсыласының үстіндегі киімін сынап, сөзін:

- Түлкі тағып келіпті,
«Түлкі - заман» күн үшін, - деп бастады. Ақын ары қарайғы өлеңінде қазіргі әділетсіздіктерге наразылығын айтып:

- Тек қана, Серік, ескертем,
Керек емес қазаққа,
Тыныштық бұзар - аттандас.
Көкесі барлар бұл күнде
Көл жұтса да шашалмас.
Сүйеушісі бар адамдар,
Сүйек жұтса да қақалмас, - деді.

Айтыстың радиолық нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
please wait

No media source currently available

0:00 0:31:29 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG