Accessibility links

Астанадағы үлескерлер наразылығы


Астанада "Орал-дизайн-стройсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үстінен шағым айтып ақпанның 24-і күні қалалық прокуратураға барған ондаған үлескер оның директорын қамауға алуды, бірақ компанияны банкрот деп жарияламауды талап етті. Үлескерлер серіктестік банкрот деп танылса оның мүлкі саналатын әлі бітпеген тұрғын үй құрылыстарын кредиторлар алып қояды деп қауіптенеді. Олардың айтуынша, үйлерді салуға мемлекет бір миллиард теңге, үлескерлер 6 миллиард теңге қаржы салған. Прокуратура үлескерлер өтінішін қанағаттандыруға уәде етті. Азаттық тілшілері тырысқанымен, журналистермен байланысқа шықпаған «Орал-дизайн-стройсервис» серіктестігі басшылығы уәжін айтуға ықылас танытса, редакция компанияға ондай мүмкіндік ұсынуға дайын екенін еске салады.

XS
SM
MD
LG