Accessibility links

Үкімет жауын салдарын 2 күннен соң талқылады


Үкімет жауын салдарын 2 күннен соң талқылады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:57 0:00

Тамыздың 20-інде ел астанасында жауған жаңбыр салдарын үкімет екі күннен кейін барып талқылады. Жауын кезінде Астананың кейбір көшелерін су басып кетті. Жол қозғалысы қиындап, көліктер суда тоқтап қалды. Автобустардың ішіне су кірді. Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қала әкімі Әсет Исекешевке мәселені шешуді тапсырды. Ал әкім премьер-министрдің өзінен көмек сұрады. Мұның алдында сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та Тwitter парақшасында Астананың 20 жылдығына дейін шешілуі тиіс болған бұл мәселенің дереу шешілуін талап еткен. Астана. 22 тамыз, 2018 жыл.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG