Accessibility links

Билік транзиті басталды ма?


"Нұр Отан" партиясы съезінде тұрған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 11 наурыз 2015 жыл.

Қаңтардың 25-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу жөнінде теле-үндеу жасады. AzattyqLIVE тақырыпты саясаткер Серікболсын Әбділдинмен талқылады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан үшін аса маңызды, тағдырлы мәселе" ретінде конституция мен заңдарға өзгерістер енгізуді ұсынатынын айтты. Назарбаевтың пікірінше, президент стратегиялық міндет орындап, билік тармақтары арасында жоғарғы төреші рөлін атқаруы тиіс. "Бұған қоса, үкімет пен парламенттің рөлі артады". Оның сөзіне қарағанда, "күшті президенттік билік мемлекет қалыптасар кездегі үлкен қиындықтарды жеңу кезінде керек болған".

Нұрсұлтан Назарбаев "Билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу жөнінде құрылған жұмыс тобы барлық сұрақтарды жан-жақты зерттеп, қоғамдық талқылауға шығару үшін ұсыныстар жиынтығын әзірлейтінін" мәлімдеді. Президенттің айтуынша, заңдарды өзгерту арқылы үкімет пен парламентке 40-қа жуық өкілеттілік беруге болады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік бөлінісі мәселесіне қатысты тиісті заңдар мен конституцияға өзгеріс енгізу қажетін алғаш ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында, 2016 жылы желтоқсанның 15-і күні айтқан еді.

AzattyqLIVE «Президент өкілеттіліктерін үкімет пен парламентке бөлу» нені білдіреді? Бұл бастамаға қандай саяси факторлар әсер етті? Өкілет бөлісуді қоғаммен талқылау формасы қалай болуы керек? Конституциялық реформаның жүзеге асуы іс жүзінде қалай болмақ? Бұл билік транзитінің басы ма?» деген сауалдарды саясаткер, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің алғашқы төрағаларының бірі болған Серікболсын Әбділдинмен талқылады.

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

Пікірлерді көріңіз (5)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG