Accessibility links

Қызылқоғадағы қалың қар


Қызылқоға ауданындағы қарлы дау (толық нұсқа)
please wait

No media source currently available

0:00 0:11:57 0:00

Қызылқоға ауданындағы қарлы дау

Азаттық жариялаған байқауға түскен алғашқы видео-материалдардың бірі атыраулық оқырман Асан Қуанышкереевтікі. Автор былтырғы желтоқсан айында болған оқиға барысын жан-жақты түсіріп алған.

Азаттықтың атыраулық оқырманы Асан Қуанышкереевтің әуесқой видеосюжеті қызылқоғалық деп сипатталған бір топ азаматтың қалың қарда омбылап жүре алмай қалған жедел жәрдем көлігі үшін жол тазалап шыққанын көрсетеді.

"Осы көріністі интернетке салу керек. Ертең әкімге көрсетеміз ғой, Қызылқоғаның адамдары қар астында қалып жатыр. Әйтпесе сенбейді" дейді видео кейіпкерлерінің бірі.

Видеоның сипаттамасында: "2012 жылдың аяқ жағында Қызылқоға ауданындағы жұмыс көліктері қардан өте алмай жатты. Қазақстанда жол тазалау қызметі нашар. Соны қолға алу керек. Әйтпесе адамдар қардың астында қалып қойып жатыр" деп жазылған.
XS
SM
MD
LG