Accessibility links

Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына дауыс беріп тұрған әйел. Алматы, 20 наурыз 2016 жыл.
Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына дауыс беріп тұрған әйел. Алматы, 20 наурыз 2016 жыл.

Live Blogging: Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы

Қазақстанда 20 наурызда кезектен тыс мәжіліс сайлауы мен жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына азаматтар дауыс беріп жатыр. Азаттық бүгінгі сайлаудан Live Blogging жүргізіп отыр.

Жексенбі, 20 наурыз күні Қазақстан азаматтары кезектен тыс парламент сайлауы және жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына дауыс беріп жатыр.

Дауыс беру сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7:00-де басталды. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, жалпы саны 9840 сайлау учаскесінде сайлауға дауыс беру бүгін жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауына алты партия қатысып отыр. Заң бойынша, мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і партиялық тізім бойынша, тоғызы - Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады. Бұл сайлауға президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы 127 кандидат, «Ақ жол» - 35, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 23, Қазақстан халықтық-коммунистік партиясы - 22, «Ауыл» - 19, «Бірлік» – 8 кандидат ұсынған.

Қазақстан бойынша бұл жолғы сайлауда жергілікті мәслихаттарға барлығы 3335 депутат сайлануы тиіс. Мәслихат депутаты сайлауына ел көлемінде 10 825 кандидат түсіп жатыр.

Осы жолғы сайлау барысын бақылауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 800-ден аса өкіл тіркелген.

Мәжілістің кезектен тыс және жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына дауыс беру барысынан Азаттық тілшілері әзірлеген онлайн-репортажбен сайтымыздан және әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан таныса аласыздар.

18:13 20.3.2016

AzattyqLIVE хабарында мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауы сөз болып жатыр. Хабарға саясаттанушы Расул Жұмалы қатысып отыр.

18:00 20.3.2016

#azatsailau16 Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, сағат 16.00-ге дейін дауыс берген сайлаушылар 71 пайыздан асты.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 16.00 жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 71,78% сайлау бюллетеньдерін алды. Олардың ішінде:

Алматы облысы бойынша – 89,88%

Ақмола облысы бойынша – 76,11 %

Ақтөбе облысы бойынша - 72,17%

Атырау облысы бойынша – 80,41%

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,52%

Жамбыл облысы бойынша – 76,28%

Қарағанды облысы бойынша – 70,91%

Қостанай облысы бойынша – 78,23 %

Қызылорда облысы бойынша – 77,53%

Маңғыстау облысы бойынша – 69,06 %

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 80,92%

Павлодар облысы бойынша – 68,76%

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 76,41%

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 77,13%

Астана қаласы бойынша – 69,83%

Алматы қаласы бойынша – 29,12%

Дауыс беру 9840 сайлау учаскесінде өтіп жатыр.

Тағы

XS
SM
MD
LG