Accessibility links

Билік жағымсыз комментарий авторларын анықтағысы келеді


Көрнекі сурет.

Қазақстанда веб-сайттардың комментаторларын телефон нөмірлері бойынша анықтауды ұсынады. Заңға енгізу ұсынылған түзетулерді мақалаларға қатысты жазылған жағымсыз комментарийлердің "қызуын" түсіру қажеттігімен түсіндіреді.

Ұсынылған механизм Қазақстан ақпарат және коммуникация министрлігі құрастырған «Ақпараттандыру туралы» заңға енгізу көзделген түзетулерде қарастырылған. Түзетулердің біріне сәйкес, оқырман сайтта комментарий жазбас бұрын әуелі телефон нөмірін жолдап, код алады, комментариін сосын қалдырады.

Жағымсыз комментарий иелерін анықтау
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:14 0:00
Жүктеп алу

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне қарасты ақпараттық кеңістік мониторингі басқармасы басшысы Михаил Комиссаровтың сөзінше, кейде әлдебір мақалалар бір мағынада талқыланбайды да, жұрт оларды сан-саққа жүгіртеді.

- Кейде комментарийлерден ақпараттық соғыс тұтанып кетеді, олардың көбі өркениетке жат сипатта жазылады, ұлтаралық араздық белгілері байқалады. Интернет-ресурстарда аутентификацияның мұндай механизмін енгізу жағымсыз талқылаулардың «қызуын» түсіруге мүмкіндік береді. Ал интернет-ресурсқа бірдеңе жазу үшін тіркелген адам бірдеңеге итермелеуі, әлдебір зардаптарға ұрындыруы мүмкін хабарламалар жазбас бұрын мықтап ойланатын болады,- дейді Михаил Комиссаров.

Әр сәті, әр тармағын еліміздің барша азаматтары мұқият талқылады, мен бұл процеске қатысқан кісілердің бәрі талқылағанын айтып отырмын. Маңыздысы –ашық, қысымсыз талқыланды, мысалы сіздер қазір бұл норма күшейтілген деп ашық айтып отырыздар ғой.
Алан Әжібаев

Ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Әжібаев «мұндай нормаларды кей елдер қабылдаған» дегенімен, қай елдер екенін айта алмады. Оның сөзінше, «бәріміз бірге ең жақсы дүние құрғымыз келеді, ал әлеуметтік желілерде жаман дүниелер өте көп».

- Әр сәті, әр тармағын еліміздің барша азаматтары мұқият талқылады, мен бұл процеске қатысқан кісілердің бәрі талқылағанын айтып отырмын. Маңыздысы –ашық, қысымсыз талқыланды, мысалы сіздер қазір бұл норма күшейтілген деп ашық айтып отырыздар ғой, - дейді Алан Әжібаев.

Журналистердің көбі «ұсынылған өзгерістерге қатысты тұшымды түсінік ала алмадық» дейді.

«Кейбір заң актілеріне ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Астанада өткен қоғамдық тыңдауға өзге аймақтар видео-байланыс арқылы қатысты. Жиынға қатысқандардың көбін ешкім танымайды, ал сөз сөйлеуге ақпарат және коммуникация министрлігі алдын ала мақұлдаған спикерлерге ғана рұқсат етті. Жұртшылық атынан қатысып отыр деп таныстырылған адамдардың көбі заң жобасы авторларына сұрақ қоймай, үн-түнсіз отырды.

Әдетте мұндай шараларға қатысып жүретін журналистер қауымы өкілдері мен баспасөзді қорғаушылар жиында аз болды.

Астанадағы құқықтық медиа орталық заңгері Гүлмира Біржанованың мәлімдеуінше,Еуропа елдерінің көбінде бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жоқ, ол жақта тек этикалық нормаларға сүйенеді. Ол шенеуніктерге «этикалық нормаларды құқықтық нормаларға айналдырғыларыңыз келеді, бірақ бұдан не шығатыны да, ағат пікір емес екенін, әділдік екенін кім анықтайтыны да түсініксіз» деді.

«Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымы Тамара Калееваның айтуынша, БАҚ туралы ескі заңды қалай өзгертсе де, ол жақсармайды. Оның пікірінше, Қазақстанда жаңа заң қабылдау қажет.

Бірақ вице-министр Алан Әжібаевтың пікірінше, ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша құрастырылған заң жобасы «заман талабынан туған». Парламент депутаттары қарауына оны биыл мамырда жолдауға уәде етеді.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG