Accessibility links

Қазақстан боксшыларын қарсы алды


Олимпиада жүлдегерлері Қазақстанға оралды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:17 0:00

Олимпиада жүлдегерлері Қазақстанға оралды.

Қазақстан құрамасының бокcшыларын күтіп алуға Астана әуежайына бес жүзден астам адам келді.

Боксшылар Лондоннан Астанаға тамыздың 14-күні түнгі сағат 2:45-те келді. Ұшақтан түсіп, баспасөз мәслихатына келгенше жанкүйерлер оларды бір сағаттай күтті.

Боксшыларды қарсы алуға келгендердің арасында туыстары, жанкүйерлер және "Нұр Отан" футболкасын киген жастар болды.

"ЖАЛПЫ ХАЛЫҚТЫҢ ЖЕҢІСІ"

Ұшақтан түскен боксшыларды қарсы алған соң, әуежайдың үшінші қабатында баспасөз мәслихаты өтті. Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Серік Сәпиев өзінің жеңісін "жалпы халықтың жеңісі" деп бағалады. Тілшілердің "Енді кәсіпқой боксқа кетесіз бе?" деген сұрағына чемпион:

- Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін маған біраз уақыт демалып алу керек, - деді.

Сәпиев Лондондағы ең ауыр кездесу Ресей боксшысы Андрей Замковоймен болғанын айтты. 2010 жылы Миланда өткен әлем чемпионатында Замковой Сәпиевті ұтып кеткен еді.

2012 жылы тамыздың 13-інде Қарағанды облысының әкімі Абілғазы Құсайынов Серік Сәпиевке Toyota Land Cruiser-200 джип көлігінің сыйға тартылатынын мәлімдеген болатын.
Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев (сол жақтан екінші). Лондон, 12 тамыз 2012 жыл. Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды.
Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев (сол жақтан екінші). Лондон, 12 тамыз 2012 жыл. Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды.

Қарағанды облысы жұртшылығы сыйлаған джип көлігін "өзі мінетінін" айтқан Сәпиев журналистердің сыйлықтар туралы сұрағына:

- Қазір кімнің қандай сыйлық ұсынып жатқанын білмеймін, - деп жауап берді.

Баспасөз мәслихатында Қазақстан боксшылары құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов олимпиада қарсаңында берген "Бір алтын, бір күміс, бір қола" уәделерінің толығымен орындалғанын айтты.

69 килограмм салмақ дәрежесі бойынша чемпион болған қазақстандық боксшы Серік Сәпиев XXX жазғы олимпиада ойындарының ең үздің боксшысы атағын да алды.

Тамыздың 12-сі күні Вэл Баркер кубогын Сәпиевке халықаралық бокс ассоциациясының президенті Чинг-Куо Ву тапсырды.

Бокстан күміс жүлдені Әділбек Ниязымбетов (81 килограмм) алды. Қола жүлдегер - Иван Дычко (91+ килограмм). Әйелдер боксынан Марина Вольнова да қола жүлдеге ие болды.

"ДАВАЙ, СЕРІК!"

Ал тамыздың 14-і күні түнде Лондоннан Алматыға Серік Сәпиевтің анасы Ирина Сәпиева мен грек-рим күресінің палуаны Нұрмахан Тінәлиевтің анасы Жұмагүл Ратжанқызы да ұшып келді. Спортшылардың ата-аналарын журналистер қарсы алды. Ирина Сәпиева баспасөз мәслихатында ұлының финалдық кездесуін залда отырып көргенін айтты.

- Бүкіл зал Серікті қолдай бастады. Мен де ту ұстап, «Давай, Серік!» деп дауыстадым. Британ жанкүйерлері Серіктің жеңісінен кейін оған қошемет керсетіп, «Серік мықты қарсылас» деп жатты, - деді чемпионның анасы.

Нұрмахан Тінәлиевтің анасы Жұмагүл Ратжанқызы «ұлының жауырыны жер иіскегенін бірінші рет көргенін» айтты. Палуанның анасы:

- Әлі де оның (Тінәлиевтің - ред.) болашағы алда, - деді.

Алматы әуежайындағы баспасөз мәслихатын мына жерден көре аласыз:

Спортшылар ата-аналары
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:24 0:00
XS
SM
MD
LG