Accessibility links

«Азат» ЖСДП орталық сайлау комиссиясына наразы


«Азат» ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосанов. Алматы, 31 қазан 2011 жыл.
«Азат» ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосанов. Алматы, 31 қазан 2011 жыл.

«Билік сайлау барысына араласуымызға кедергі жасап отыр» деп мәлімдейді партия басшылары. Алайда орталық сайлау комиссиясы «тек заң шеңберінде ғана жұмыс істейтінін» айтады.


«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қарашаның 22-сі күні «билік партияға кезекті рет сайлауда берілетін дауыстарды санауға қатыстырмаудың амалын қарастырып жатыр» деп мәлімдеді. Бұған қарашаның 21-і күні партияға орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Фоостан келген хат себеп болған.

«БИЛІКТІҢ САЙЛАУҒА КӨЗҚАРАСЫ»

– Хатта «Сайлау туралы» заң бойынша саяси партиялардың сайлау учаскелерінің комиссияларына өз өкілдерін кеңесші ретінде жіберу уақыты сайлау мерзімі белгіленгеннен 7 күн өткенде аяқталатыны айтылыпты. Яғни ол мерзім бүгін – қарашаның 22-сі күні аяқталады. Фоост мырзаның 16 қарашада қол қойған бұл хаты қазіргі коммуникацияның дамыған кезінде бес күн жол жүріпті. Ал прокуратура немесе басқа органдар іздесе, бізді жарты сағатта тауып алар еді, – дейді Азаттыққа түсініктеме берген партияның хатшысы Әміржан Қосанов.

«Сайлау туралы» заңда саяси партиялардың бұл құқықты пайдалануын шектейтін ешқандай бап жоқ екендігін айтқан партия басшылығы «орталық сайлау комиссиясы жеті күндік мерзімді партиямен кеңеспей, өз беттерінше белгілеген» деген болжам айтады. Әміржан Қосанов бұл істің саяси астары бар деген сенімде.
Сондықтан сайлауда біздің орнымыз бір төбе екенін біле отырып, жұмысымызға кедергі жасамақ

– Комиссияның жұмысына жіті бақылайтын партия оларға керек емес. Яғни осы бастан белгілі, бақылаушылардың дені – «Нұр Отан» және «Нұр Отанның» достары. Сондықтан мұның барлығы биліктің сайлауға деген көзқарасын көрсетеді. Коммунистік партиясы сот шешімімен өз жұмысын тоқтатқан тұста, «Алға» партиясы тіркелмеген кезде бірден-бір оппозициялық партия – «Азат» ЖСДП. Сондықтан сайлауда біздің орнымыз бір төбе екенін біле отырып, жұмысымызға кедергі жасамақ, – дейді Әміржан Қосанов.

«ЗАҢ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС»

Азаттық тілшісі осы оқиғаға байланысты орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Фоосқа телефон шалған еді. Ол кісінің хатшысы Фоостың орнында жоқ екенін айтып, «біраз уақыттан кейін
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен. Астана, 8 қазан 2008 жыл.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен. Астана, 8 қазан 2008 жыл.
хабарласуды» өтінді. Біраз уақыттан кейін хабарласқанымызда хатшы телефон тұтқасын көтермеді.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменнің айтуынша, жоғарыда сөз болған жайт «заңда арнайы нормамен көрсетілген, барлық партиялар ол туралы біледі».

– Заңда көрсетілген – сайлау жарияланған күннен бастап, 10 күннен кешікпей округтік және аумақтық комиссиялардың, 7 күннен кешікпей учаскелік комиссиялардың құрамдары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс. Сайлау заңды болуы үшін ол заң орындалуы тиіс, – деді Ләззат Сүлеймен.
XS
SM
MD
LG