Accessibility links

Президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековке сауал


Президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбеков.
Президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбеков.

Қазақстан президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков Азаттық радиосының онлайн-конференциясына қатысудан бас тартты. Бірақ ол оқырмандар сауалдарына сырттай да жауап беруіне болады.


Құрметті оқырмандар, сіздердің өтініштеріңіз бойынша Қазақстан президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбековті де Азаттық радиосының онлайн-конференциясына шақырған едік. Бірақ ол бас тартты.

Жамбыл Ахметбеков сайлаушылармен интернет арқылы тілдесудің басқа амалын жөн көретін тәрізді. Президенттікке кандидатқа айтары бар оқырмандар қоятын сұрақтарын төмендегі форумға жаза берулеріне болады.

Ал Қазақстанның халықтық коммунистік партиясынан ұсынылған кандидат Жамбыл Ахметбеков сауалдарға осы форум арқылы тікелей жауап бергісі келсе, әр пікірдің оң шақ шекесіндегі "Сіздің бұған қосарыңыз" деген сөзді басуы керек.

Сұрақ қою және жауап беру сәуірдің 1-інде аяқталады.

P.S. Құрметті оқырман, өкінішке қарай Жамбыл Ахметбеков мырза да, оның көмекшілері де сіздердің сауалдарыңызға қатысты жақ ашып жауап бермеді. Сәуірдің 1-і түн ортасы ауғанша бір де бір жауап түскен жоқ. Қазақстандағы мерзімінен бұрын президенттік сайлау кезіндегі үгіт-насихат сәуірдің 2-і тоқтауы керек. Орталық сайлау комиссиясы осы ережені бұзды деп бізге айып тақпас үшін бұл форумды жабуға мәжбүрміз.

Сұрақ қойып, форумға белсенді түрде қатысқан барша оқырмандарға алғыс айтамыз.

XS
SM
MD
LG