Accessibility links

«Наурыз» айтысы: Аян мен Гүлзия


Айтыскер Аян Сейітов. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Наурыздың 15-16-сы күндері Шымкентте республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан бұл айтыс биылғы жылы Төле бидің 350 және Абылай ханның 300 жылдықтарына арналды.

Алғашқы күннің аяғына таман Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскері Гүлзия Қалымбетова мен ақтөбелік Аян Сейітов айтысты.

Бірінші болып сөз бастаған Аян Сейітов "заман туралы толғады":

– Заман да заман, әз заман,
Түк шықпаған таз заман,
Сырттан айтқан сөз жаман,
Өкпем бар саған аздаған.

...Мен мұрындықсыз ботамын,
Бозінгенді іздеп боздаған.
Тойға шашып байлығын,
Абырой мен айбынын,
Асырып жатқан боз далам.

Ақын Гүлзия Қалымбетова. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.
Ақын Гүлзия Қалымбетова. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.
Шымкенттік ақын Гүлзия Қалымбетова өз өлкесін мадақтап жырға қосты:

– Теріскейді теңселтіп,
Шатырларын қиратып,
Боран өткен оңтүстік.
Сарыағаш пен Темірлан,
Қардың суы бұрқырап,
Орап өткен оңтүстік.
Қандай кезең болса да,
Ынтымақпен, бірлікпен,
Қоғам еткен оңтүстік.
please wait

No media source currently available

0:00 0:24:07 0:00
Жүктеп алу

Пікірлерді көріңіз (3)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG