Accessibility links

Бұрынғы чекист «теміртаулық террористер» ісі ойдан шығарылған дейді


Шахтинск қалалық ҰҚК бөлімінің бұрынғы қызметкері Данияр Жүнісов. Қарағанды, 4 шілде 2011 ж.
Шахтинск қалалық ҰҚК бөлімінің бұрынғы қызметкері Данияр Жүнісов. Қарағанды, 4 шілде 2011 ж.

Теміртауда «терроризмді насихаттағаны үшін» сотталған төрт мұсылманның туыстары олардың жазықсыз екендерін айтады.


Жоғарғы сот оларға қатысты шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл жанжалдың ішінде Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері де жүр. Ол бұл істің қолдан жасалғанын айтып отыр.

АУЫЛДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН АБАҚТЫҒА ТҮСУДІҢ ЖОЛЫ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жүзімдік ауылынан шыққан 30 жастағы Еркінбек Кенжебаев – билік «терроризмді насихаттады және экстремистік мазмұндағы материалдарды таратты» деп айыптаған төрт жігіттің бірі. Ол осы өңірдің тумасы, әке-шешесімен бірге Сарыағаш ауданында тұрып келген.

Сотталғандар арасында Қарағанды облысы Қараған кентіндегі АК-159/5 түрмесінің екі тұтқыны – 30 жастағы Еркінбек Кенжебаев пен 45 жастағы Фарид Исмағамбетовтар бар. Өзге екі айыпкер – бұрын сотталған, Қарағанды тұрғыны 36 жастағы Арман Ахметов пен Теміртау тұрғыны 32 жастағы Нұрбек Әбдікерім. Олардың бастарын біріктірген терроризм насихаты идеясы мен жихад – «кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс» идеяларын тарату болған-мыс.

Қылмыстық істегі деректерде Еркінбек Кенжебаев пен Фарид Исмағамбетов абақтыда лаңкестікпен айналысқан шетелдік заңсыз
Терроризм ісі бойынша сотталған Фарид Исмағамбетов. Отбасы мұрағатындағы сурет.
Терроризм ісі бойынша сотталған Фарид Исмағамбетов. Отбасы мұрағатындағы сурет.
құрылымдардың лидерлері Доку Омаров пен Саид Бурятскийдің жазбаларын тыңдап, бейнедәрістерін оқып зерттегені айтылған. Қылмыстық ортаға енгізіліп, қылмыстық әрекетке барған түр танытқан түрме қызметкері арқылы жазбаларды бостандықтан Арман Ахметов пен Нұрбек Әбдкерім жеткізіп отырған, делінеді сот үкімінде.

Сот айып тағылған төрт адамның әрқайсысын әртүрлі мерзімге қамау жазасына кесті. Барлық сатыдағы соттар, арасында Жоғарғы сот та бар, бұл төрт азаматқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Жоғарғы соттың шешімі қыркүйекте шықты.

Жақын туыстарының сөзіне қарағанда, Еркінбек жөнді оқымаған, үй ішін асырау үшін егде жастағы әке-шешесіне үй шаруашылығына көмектесіп, бақшада еңбек етуге мәжбүр болған. Кенжебаевтар отбасы үлкен – сегіз балалы. Еркінбек – тұңғыш ұлдары.

Ауылдары Жүзімдікте жұмыс жоқ дейді Азаттық радиосына Еркінбектің әкесі, 62 жастағы Әбдірахым Кенжебаев:

– Әркім шама-шарқынша күн көрмек болады, көбі табыс табуға қалаға кетіп отырады. Мамыр айына дейін істейтін түк жоқ, күн жылы бола қалғанда ғана, бәрі де бақшаларын егеді, сөйтіп соның арқасында осылайша жан сақтаймыз. Бізді бақша асырайды. Шындығын айтқанда, ауылдың тірлігі ауыр. Қаржылай қиындықтардың кесірінен Еркінбек мектепті тәуір бітіре алмады, кейін оның училищеге түскісі келді, бірақ онда да ақша төлеу керек болды, ақша болса жетпей жатты.

Еркінбек еш жерде ресми жұмыс істемеген дейді Әбдірахым Кенжебаев, ал осыдан бірнеше жыл бұрын ұлы 20 жастан сәл асқанда заң бұзды: бір топ адам болып кісі өлтірді. Осы үшін, әкесінің айтуына қарағанда, 2004 жылы Еркінбек өзінің алғашқы жазасы – түрмеде өткізуге тиісті 17 жылдық мерзімге кесілді. Оны бірден екі бап – «Бір топ адам жасаған қарақшылық» және «Кісі өлтіру» бойынша соттады.

Еркінбектің ғана өмірі берекелі болмады, Кенжебаевтардың қалған балалары аман-есен арнайы орта және жоғары білім алды. Туыстарының айтуынша, Еркінбек діндар адам болған емес, мешітке бармайтын.

АБАҚТЫДА «ЭКСТРЕМИСТ» БОЛДЫМ

2010 жылы Теміртау қаласының соты Еркінбек Кенжебаевты терроризмді насихаттағаны және діни өшпенділікті қоздырғаны үшін айыпты деп тапты, алты жылға қатаң тәртіптегі түрмеге қамауға үкім шығарды. Ақыр соңында өтелмеген жазасын қоса есептегенде оған 18 жыл мерзімге түрмеде бас бостандығынан айрылу жазасы белгіленді. Жаза мерзімі 2004 жылдың 9 маусымынан бастап есептелінеді. АК-159/5 түрмесінің шұғыл әрекет ету бөлімінің бастығы Ерохин сотта түсінік бере отырып, тұтқын Исмағамбетов белгілі бір топта – лидер, ал Кенжебаев оның оң қолы болды деп мәлімдеді.

Сотталған Еркінбек Кенжебаевтың әкесі Әбдірахым Кенжебаев ұлының
Терроризм ісі бойынша сотталған Еркінбек Кенжебаевтың әкесі Әбдірахым Кенжебаев. Теміртау, 2 қараша 2011 ж.
Терроризм ісі бойынша сотталған Еркінбек Кенжебаевтың әкесі Әбдірахым Кенжебаев. Теміртау, 2 қараша 2011 ж.
айып болып тағылған қылмысқа бармағанын, яғни терроризмді насихаттаумен, тыйым салынған әдебиеттерді оқумен айналыспағанын айтады:

– Оның сақалы да жоқ. Меніңше, менің ұлыма жала жапты. Ол бар болғаны намаз оқитын, онысын да абақтыда отырып бастады. Күнәлары кешірілсін деп, оған өзім сөйт деп кеңес бергенмін. Еркінбек әлгі дәрістері бар таспаны біреу әкеп тастаған деді. ҰҚК қызметкерлері өз қызметтерін атқарып жатыр, насихатшыларды ұстап жатыр десін дейді, сол себепті осылай болып жатыр.

Оның айтуынша, басында ұлы Еркінбек Кенжебаевқа терроризм насихаты жөніндегі қылмыстық іс бойынша куәгер болуды ұсынды, бірақ ол келіспей жүрді, сол себепті оған қатысты азаптау тәсілдерін қолдануға көшті.

– Содан соң ол қайтадан қарсылық түрінде өзін-өзі кесті, төрт қасықты жұтып, бір айға жуық нәр татпады. Облыстық прокуратура оны ауыстыруды бұйырғанша, ұзақ уақыт бойы бір адамдық камерада жатты. Ол қатты жүдеген, – деп сөзін аяқтады Әбдірахым Кенжебаев.

Еркінбектің әкесі ұлын түрмеден шығарып алу үшін жаны қалмай кез-келген жұмысқа кірісе кететінін айтады: қымбатқа түсетін адвокаттарды жалдайды, белгілі бір шенеуніктің қабылдауына кіріп-шығу үшін астанаға барып-келуге ақша жұмсайды.

Өткен аптаның аяғында сотталған Еркінбек Кенжебаевтың әкесі Әбдірахым Кенжебаев Азаттық радиосына ұлының қазіргі кезде жазасын өтеп жатқан түрмеде жоғын хабарлады. Оның айтуына қарағанда, Еркінбекті басқа жерге алып кеткенін, бірақ дәл қай жерге екені белгісіз екенін сенімді ақпарат көздері хабарлаған.

Еркінбек Кенжебаевтың әке-шешесі ұлдарын ақтап үкім шығартудан бөлек ҰҚК департаменті қызметкерлері олардан қорқытып ақша алмақ болғандарына қатысты шағым бойынша тексеріс жүргізілуін де талап етіп отыр. Арыз ҰҚК-ге биыл қыркүйектің 13-інде жолданды. Жауап қарашаның 1-і күні Қарағанды облыстық қаржы полициясынан келді.

– ҰҚК қызметкерлерінің бірі ұлымызды Астана абақтысынан қайтадан Қарағандыға ауыстыру үшін менің әйелімнен пара талап еткен. Бірақ біз ешкімге ақша берген жоқпыз, содан соң Еркінбекті қатты соққыға жықты. Менің арызымды бір мекемеден басқасына жіберіп отырды. ҰҚК онымды әскери прокуратураға, ол жерден қаржы полициясына салып жіберді. Барлық қағаздарды алуын алғанымен, сол күйі ештеңені де тексерген жоқ. Қарағанды облыстық қаржы полициясынан келген жауапты, неге екені белгісіз, маған жолдаған жоқ, Қарағандыға келіп, осы хатты өзімнің алып кетуіме тура келді. Бұл хатта «бұл істің анық-қанығын анықтауға мүмкіндік болмады, қорқытып ақша талап ету жайлы дәлел жоқ» деп жазылған. Бүкіл іс пен бар құжаттарды әскери прокуратура алып қойды. Енді істің басын ашамыз деп сөз берген бас прокуратурадан жауап күтіп отырмын. Арпалысып жүргеніме бір жарым жылдай болды, бірақ түк те өнетін емес, – дейді Әбдірахым Кенжебаев.

БҰРЫНҒЫ ЧЕКИСТ ЖАЛА ЖАБЫЛҒАНЫН АЙТАДЫ

Арада біраз уақыт өткен соң төрт бірдей «теміртаулық террорист» хикаясында оларға жаны ашыған Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы офицері Данияр Жүнісов бой көрсетті. Ол да – мұсылман, ол бұл істің қолдан жасалғанын жергілікті журналистерге айтып берген.

Шахтинск қалалық ҰҚК бөлімінің бұрынғы қызметкері Данияр Жүнісов тағы бір мәлімдеме жасады. Бұл жолы ол мәлімдемесін Қазақстанның бас прокурорына жолдаған еді. Жергілікті журналистердің қолына да осы мәлімдеменің көшірмесі тиген.

Кезекті мәлімдемесінде Данияр Жүнісов «қылмыстық істің материалдарын
Терроризм ісі бойынша сотталған Еркінбек Кенжебаев. Отбасы мұрағатындағы сурет.
Терроризм ісі бойынша сотталған Еркінбек Кенжебаев. Отбасы мұрағатындағы сурет.
сұратып алуды және қабылданған сот шешімдерінің заңдылығын бақылаудың жөн-жосығына сай тексеруді», сонымен бірге осы іс бойынша куәгер ретінде өзінен жауап алуды сұрайды.

«БАҚ-та жария болған сөздеріме қарамастан менің жала жабу мүмкіндігімнің фактілері тексерілмеді (егер біреу-міреу мен өтірік айтты деп есептесе) және де тергеу алдында мәлімдемеде көрсетілген жайттар мен деректер бойынша тексеріс өтпеді. Оның үстіне менің жеке-жеке мағлұматтарды көпке жаюға құқым жоқ, себебі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялары туралы» заңына сәйкес, мен құпия иесімін», – деп жазады Данияр Жүнісов.

ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Астанадағы орталық заңгерлік консультацияның адвокаты Күлбадан Шәкіроваға да түсінік хат жазған. Оның айтуынша, іс-шаралар барысында терроризм мен экстремизм насихаты фактілерін дәлелдеу мүмкін болмады, сонымен бірге Шахтинск, Қарағанды және Теміртау қалаларының ҰҚК департаменттері қызметкерлері процессуалды ережелерді бұзған. Артынша ол осы атышулы қылмыстық істің бұрмалануының нобайын әшкерелеп көрсетеді.

Данияр Жүнісов органдардан босатылғанша аға оперативтік уәкіл болып жұмыс істеді. Соңғы кезде оның қызметтік міндеттерінің қатарына түрмелерде діни экстремизм мен терроризм үшін сотталған тұтқындармен жұмыс істеу кірді. Бұл Фарид Исмағамбетов пен Еркінбек Кенжебаев жазаларын өтеп жатқан АК-159/5 түрмесіндегі жағдайға тікелей қатысты болатын.

Жүнісовтің теміртаулық журналистерге берген сұқбатында айтқанына қарағанда, басшылық оның діндар екенін біліп отырған, бертін келе оған күдікпен қараған, сондықтан ҰҚК органдарынан шығып кетуге тура келген.

«ШАҒЫМДАР ТЕКСЕРІЛДІ – НЕГІЗ ЖОҚ»

Сотталғандардың туыстарының айтуынша, тергеу мен соттардың кезінде олар хат пен шағым жазбаған жер жоқ, бірақ әзірше еш нәтиже көрінбейді. Бұрындары шағымдарын дәйім дерлік көзге ілмеген болса, ал енді, баспасөздегі басылымдар мен бұрынғы чекист Жүнісовтың мәлімдемесінен соң, жауаптар келіп түсіп жатыр, бірақ олардың берері аз, деп қынжылады туысқандары. Мысалы, олар ҰҚК департаменті қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері жайлы ҰҚК төрағасы мен бас прокурорға шағым жазған.

Сонымен қатар сотталғандардың туыстары ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Данияр Жүнісовке, Қарағанды облысына қарасты ҰҚК департаменті қызметкерлерінің бірқатарына, сонымен бірге Қараған кентіндегі АК-159/5 мекемесінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істің қозғалуын талап етті.

Қылмыстық іс материалдарының «бұрмалануы» жайлы ҰҚК департаментінің бұрынғы қызметкері Жүнісовтің сұқбаты бар дискі, сонымен бірге аталмыш себепке қатысты Қарағанды облыстық сотына
Терроризм ісі бойынша сотталғандардың бірі Нұрбек Әбдікерімнің түрмеге отырғанға дейінгі суреті. Теміртау, 2008 ж.
Терроризм ісі бойынша сотталғандардың бірі Нұрбек Әбдікерімнің түрмеге отырғанға дейінгі суреті. Теміртау, 2008 ж.
жолданған оның мәлімдемесінің көшірмесі аталмыш арызбен қоса жіберілді дейді сотталғандардың туыстары.

Жауап дәл сол, сотталғандар мен олардың туыстары о бастан шағымданып жүрген ҰҚК департаментінен келді. Жауапта террористік белсенділік туралы баптар бойынша сотталғандардың туыстары шағымданған адамдардың аты аталады.

ҰҚК департаментінің жеке бас қауіпсіздігі тобының инспекторы капитан А.Айтжанов жауапта былай деп жазады: «Тергеу алдында жүргізілген тексерістің нәтижелері бойынша қылмыстық істің бұрмалануы, Қарағанды облысына қарасты ҰҚКД қызметкерлері тарапынан болған билік пен қызметтік өкілдіктерді асыра пайдалану фактілері, сонымен бірге сотталған Кенжебаев, Исмағамбетов, Әбдікерім, Ахметовқа әлдебір қысым көрсетілгендігі расталмады. Осы орайда қылмыстық іс қозғаудан бас тарту жайлы қаулы шығарылды».

Қазақстанда экстремистік белсенділік мүмкіндігі төңірегіндегі жағдай биыл шегіне жетті. Бұл жанкештінің әрекеті ретінде алғаш рет Ақтөбеде биыл мамыр айында байқалды, соңынан биыл жазда Ақтөбе облысында қарулы қақтығыстарға, ал қазан айының аяғында Атырауда болған жанкештілік жарылысқа жалғасты. Бұл шабуылдарды бастап жүрген кейбір билік өкілдері дейді скептиктер. Бірақ Қазақстаннан тыс жатқан күштердің де киліккені анық деген пікірлер де жоқ емес.
XS
SM
MD
LG