Ресейдің осы сайлауға ықпалын елемеу мүлде мүмкін емес. Ресейдің Қырғызстандағы таяудағы әрекеттерін кейбіреулер елдің ішкі ішіне сұғанақтық ретінде бағаласа, бағзыбіреулер мұны Кремльдің қолдауы ретінде түсінеді. Олар Ресейдің Қырғызстанға деген ерекше ықыласынан тек жақсылық күтеді.
МӘСКЕУГЕ БАС ҰРАДЫ
Қыркүйек айының соңында Бішкекте Ресей және Қырғызстан тарихшылары бас қосты. Басқосу екі ел халқы арасындағы дипломатиялық қатынастың 225 жылдығына орайластырылды.
Оған қатысушылар кезінде Санкт-Петербургке барған қырғыз рубасыларын еске алысты. Олар сол кезде орыс патшасынан қолдау күтіп барған болатын. Осыдан кейін қырғыз жерін Ресей империясы күштеп тартып ала бастаған еді.
Алайда соңғы уақыттағы екі елдегі режимдердің сәтті өзгерісіне қарамастан, Ресей қырғыз халқының өмірінде басым роль ойнап келеді. Бұл әсіресе, қазіргі сайлау науқаны кезінде ерекше байқалып отыр.
Мұның бәрі тура екі ғасыр бұрынғы жайларды еске түсіреді. Бүгін де сол кездегідей қырғыз партиялары Ресей астанасынының табалдырығын тоздыруын қояр емес.
Социал-демократиялық партияның басшысы Алмаз Атамбаев, «Республика» партиясының басшысы Өмірбек Бабанов, «Ақ-Шұмқар» партиясының басшысы Темір Сариев – мұның бәрі соңғы аптада Мәскеуге қарай ағылумен болды.
«Ар - Намыс» партиясының басшысы Феликс Құловқа БАҚ та, Кремль де баса назарған сынды. Ол Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездесті. Феликс Құлов осы қабылдауды сәтті пайдаланып, фототілшілердің назарына жиі іліне берген. «Ар-Намыс» партиясы тіпті «Единая Россия» партиясымен келісімге де қол қойып үлгерді. Бұл келісім тиісінше, кеңінен насихатталып жатты.
Аталған кездесу «Ар - Намыстың» да оң жамбасына келе қалды. Қоғамдық пікір осы партияның қалған 29 партияның ішінде үздік көрініп отырғандығын аңдатады. Бұл партиялардың барлығы да парламент сайлауына бақ сынап отырғаны белгілі.
Сонымен қатар қырғыздардың бұл қадамын басқаша бағалаушылар да баршылық. Саяси сарапшы Жырғалбек Қасаболатов айтылған кездесу Кремльдің еске әдеттерін еске түсіреді деп санайды. Бұл әрекет басымдық беріліп отырған істер ретін шатастырып жіберетін сыңайлы.
«Біздің саясаткерлердің бірінен кейін бірі Мәскеуге барғаны бір нәрсеге дәлел болады: халықтың санасы өскенмен, саясаткерлеріміздің санасы әлі күнге дейін ескі қағидаларға жүгінеді. Олар әуелі халықтың көңілін табуы керек. Өз халқымызға не керек екенін білгеннен кейін ғана саясаткерлер ел билігінен ие болған соң басқалармен келіссөз жүргізе алады», - дейді ол.
Ал Бішкектегілердің дені Қырғызстан Мәскеу үшін жақсы әсер қалыптастыруы керек деп есептейді. Өйткені Ресейді Қырғызстанның басты сауда серігі және қауіпсіздігінің кепілі деп танитындар баршылық.
Алда Бішкек билігіне кім келгендігіне қарамастан Ресеймен қатынас басымдылықтан ажырамайды. Тиісінше, Ресей де Қырғызстандағы қандай билік болса да солармен байланысын үзбек емес.
Мәскеулік сарапшы Федор Луканов Кремльге алдымен Қырғызстанда тұрақтылық орната алатындар керек деп санайды. Мәскеуге де осындай саясаткерлермен кездескен тиімді көрінеді.
«Бұл сайлаудағы гәп мынада. Жаңа президент немесе премьер Ресейге қарсы болатын-болмайтындығына қарамастан нақты үкіметті жасақтауда күдік тудыратын жайлар болмауы керек. Ал билікке келген президент немесе премьер үшін Ресейге қарсы әрекет ету өзіне-өзі қол жұмсағанмеен бірдей», -дейді ол.
ЕЖЕЛГІ ЕГЕС
Роза Отынбаеваның үкіметі ел оңтүстігіндегі этникалық қақтығыстарды реттеуге қабілетсіз болып шықты. Маусым айында жүздеген адамның қазасына апарып соқтырған және басқа зорлық-зомбылықпен сиптатталатын әрекет – соның нышаны.
Қанды оқиғадан кейін Ош қаласының әкімі мен оның жақтастары қырғыз үкіметінің бұйрықтарына ашықтан-ашық қарсы шықты. Бішкек оңтүстікке өз өкімін өткізе алмай қалды.
Маусым айының аяғында Қырғызстанда елді президенттіктен парламенттік басқару жүйесіне көшірген жаңа конституцияны мақұлдаған референдум өтті.
Осы тұста Ресей президенті Дмитрий Медведев парламенттік демократия қырғыз еліне сор болуы мүмкін деген болжамды көп айтты.
«Егер парламентте жік болса, – деді ол, – (бұл парламент қазір бір-бірімен тіресіп жатқан әртүрлі топтардан құралады ғой) оның қалай жұмыс атқаратыны түсініксіз. Ресей осыған байланысты қатты алаңдайды: егер, құдай сақтасын, Қырғызстанда жылдың алғашқы жартысындағыдай оқиға болса, Ресейдің оған кіріспеске амалы қалмайды».
Қырғызстанда Ресейге байланысты басқа көзқарасты жақтайтындар да бар. Бұл әсіресе, сайлау науқанындағы басты қарсылас – «Ата - Мекен» партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаевтың беделін түсіру үшін Кремль қолданған елеусіз амалдарға байланысты өрбіп отыр.
НТВ арнасы 28 қыркүйекте «Ата - Мекен» партиясы басшысының көңілдесімен көңіл жарастырып жатқан сәтін түсіріп алған екі жыл бұрынғы бейне материалды пайдалана отырып, Өмурбек Текебаев туралы репортаж көрсетті.
Сарапшылардың пікірінше, Өмірбек Текебаевқа бұлай шабуылдаудың себебі, ол – Мәскеудің сынына қатты ұшыраған жаңа конституцияның басты архитекторларының бірі.
«Ата-Мекен» партиясы белсенділерінің бірі Равшан Джиинбеков телерепортажға байланысты үзілді-кесілді пікір айтты.
«Ресейдің НТВ телеарнасы, – деді ол, – Бұл масқара әңгіме арқылы тек Текебаевқа ғана шабуыл жасаған жоқ. Телеарна қырғыз халқының ұлттық құндылығына, елеміздің тәуелсіздігіне және халықтың белгілі бір деңгейге дейінгі еркін сайлау құқына да тиісіп отыр».
НТВ журналистері 3 қазан күнгі хабарында Өмурбек Текебаевтың билікке келген соң НТВ арнасына тура грузин президенті Михаил Саакашвилидің көрсеткенін істеймін деп доқ көрсеткенін айтты.
ЫҚПАЛ ЕТУГЕ ДЕГЕН АЙРЫҚША ЫНТА
Жуықта Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қырғыз редакциясында Қырғызстандағы сайлау нәтижесіне Ресейдің әсер ету амалдары жайлы дөңгелек үстел өтті.
Егер Қырғызстанда парламентаризм өркендесе, ТМД елдеріндегі басқа оппозициялық күштердің де парламенттік жүйеге ұмтылатындары анық. Әрине, Мәскеу оны құптамайды.
Бишкектегі саясаткер Орозбек Молдалиев Мәскеу әуелі парламенттік басқару жүйесіне қырын қарайды дегенді айтты.
«Егер Қырғызстанда парламентаризм дамыса, – дейді Орозбек Молдалиев, – ТМД елдеріндегі басқа оппозициялық күштердің де парламенттік жүйеге ұмтылатындары анық. Әрине, Мәскеу оны құптамайды».
Украиндық саясаткер Александр Черненко Мәскеудің әрекетіне байланысты оқшау ой айтты: «Украинаның, әсіресе, 2004 жылғы тәжірибесі көрсеткендей, Мәскеу көбінесе өзінің ықпал аймағы ретінде санайтын елдердегі шын жағдайды бағамдай алмай қалады. Мәскеулік саясаткерлер мен технологтардың 2004 жылғы Украиндағы қарадүрсін істері халықтың бас көтеруіне себеп болды».
Тбилисилік сарапшы Александр Рондели Ресей қайтсе де ықпалын арттыруға тырысып бағады дегенді айтты. Ронделидің ойынша, Мәскеу Қырғызстанға байланысты ол істі былай жасайды:
«Қырғызстан Ресеймен шектеспейді, сондықтан оларға ықпал ету оңай болмайды. Бұл жолы елеусіз күш, нойыс насихат және бесінші колонна қолданады. Бізге келгенде басқа амалдардан қайыр жоғын көріп, қара күш қолданған еді», - дейді ол.

"Ар - Намыс" партиясының басшысы Феликс Құлов (оң
жақта) Ресей президенті Дмитрий Медведевтің
қабылдауында. Мәскеу түбіндегі Горки резиденциясы,
22 қыркүйек 2010 жыл.
Орталық Азия бойынша маман Эрика Марат осы кездесудің әсері жайында мынаны айтады. Мәскеу осы кандидатты қолдайды. Бұл – Ресейдің ықпалы әсіресе, қала тұрғындары арасында қатты байқалып отырған кездегі жағдай.жақта) Ресей президенті Дмитрий Медведевтің