Accessibility links

«Халықтың қарғысын алмаңдар!» дейді маңғыстаулық ана


Айнагүл Бекебаева үкіметтік комиссия мүшелерімен кездесуде сөйлеп тұр. Ақтау, 24 желтоқсан 2011 ж.
Айнагүл Бекебаева үкіметтік комиссия мүшелерімен кездесуде сөйлеп тұр. Ақтау, 24 желтоқсан 2011 ж.

Өмірзақ Шүкеев бастаған үкіметтік комиссияның Ақтауда «Қаражанбасмұнай» жұмысшыларымен кездесуінде сөйлеген ана қамаудағы ұлының азапталып жатқанын айтты. Бұл турасында YouTube сайтында жарияланған беймәлім автордың видеосынан белгілі болды.


Желтоқсанның 24-і Ақтауда Жаңаөзен оқиғасына қатысты құрылған үкіметтік комиссияның жетекшісі, бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеев, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының жаңадан тағайындалған басшысы Ләззат Қиынов және «Қазмұнайгаз» Барлау. Өндіру» компаниясының жаңа басшысы Алик Айдарбаев «Қаражамбасмұнай» кәсіпорнының жұмыстан шығарылған 200 еңбеккері кездескен еді.

Кездесу басында «7 ай қиналдық қой, 7 ай!» деген әйелге: «Жеті ай қиналсаң кеше келіп елбасы оның бәріне нүкте қойып кетті ғой, соның бәрін ескеріп, адамдардың бәрін жазалап кетті ғой! Одан артық не дейсіңдер енді?!» – деген Өмірзақ Шүкеевтің жауабы естілді.

Залда отырғандар тынышталғаннан кейін кездесуге келген Айнагүл Бекебаева есімді әйел Жаңаөзен мұнайшыларын 7 ай бойы хал-ахуалын сұрамаған билікті айыптай сөйледі. Оның сөзін кездесуге жиналған мұнайшылар мұқият тыңдап, қолдап отырды.

ҚАРҒЫС ПЕН ҚАН

Айнагүл Бекебаева биліктегілердің төмендегілердің мәселесін елеуді қойғанын айтты. Ол сонда да елдің биліктің дегеніне көніп келе жатқанына тоқталды.

– ...Бүгінге дейін жағаларыңызға жармасқан жоқпыз, сіздердің тойынғандарыңызға
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев Ақтауда өткен жиында. 24 желтоқсан 2011 ж.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев Ақтауда өткен жиында. 24 желтоқсан 2011 ж.
біз көндік. Секірсін, мына біз аш жата берейік деді Маңғыстаудың бұқара халқы. Маңғыстаудың мұнайымен Астананы салдыңдар, Алматыдан көштіңдер, мына қазақтың біреуі де үндеген жоқ. Дүниеге келіп үлгермеген, көзін ашпай кеткен бейкүнә сәбилердің не жазығы бар еді? Солардың қарғысы мен қаны сіздерді қалай жатқызады? Сендер мына адамдардың дауысын неге естімейсіңдер? – деді Айнагүл Бекебаева төрде отырғандарға.

Ол сонымен қатар өзінің 21 жастағы баласы жұмыссыз жүргенін, оны жұмысқа тұрғызу үшін мұнай компанясына 2-3 мың доллар пара бере алмайтынын айтады. Оның сөзіне қарағанда, Айнагүл Бекебаеваның да бір баласы Жаңаөзен оқиғасы кезінде «станцияға БТР келді дегенді естіп, соны көруге» шыққан шақта қамауға алынған.

«МЕН МОЛАМДЫ ӨЗІМ ҚАЗАМЫН!»

Кездесуде сөйлеген Айнагүл Бекебаева жеке өз басынан гөрі, жалпы мұнайшылар мен олардың отбасының қиыншылықтары жөнінде көбірек сөз қозғады.

– Сенің балаң талтаңдап, 60-70 мыңның, 100 мыңның соткасын (мобильді
Мына халықтың қарғысын алмаңыздар, азаматтар! Мына жерге келіп сайрамаңдар, уәде бермейсіңдер ме – кетіңдер бұл жерден.

байланыс телефоны - Азаттық.) күнде ауыстырады, менің балам жейтін асқа жарымайды, мына Маңғыстаудың қайырын көрмейді! Біз «больничныйға» шыққанда 15 мың теңге ақша аламыз. 15 мың теңгеге сіз неше күн күнелтесіз, соны есептеп, сосын мына халыққа жауап беріңіз! – деді ол төрде отырған комиссия мүшелеріне қарата.

- Мен кеше Қырымбек Елеуұлына айтқанмын. Мына халықтың қарғысын алмаңыздар, азаматтар! Мына жерге келіп сайрамаңдар, уәде бермейсіңдер ме – кетіңдер бұл жерден. Бағындыра алмадық деп. Мен моламды өзім қазамын! – дейді Айнагүл Бекебаева.

Ол сонымен қатар Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаевқа "жоғарыға өтірік ақпар бердіңіз" дегенін де, «Нұр Отан» партиясына шағымданғанымен нәтиже шықпағанын да айтып берді.

«ОНДАЙ АҚПАРАТ БЕРЕ АЛМАЙМЫЗ»

Осы кездесуде Айнагүл Бекебаева баласын полиция қызметкерлерінің қалай азаптап, қорлағандығын да айтып берген еді. Бірақ оның баласына қандай айып тағылғаны, нақты қандай жазаға тартылғаны белгісіз болып қалды.

Азаттық радиосының тілшісі Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментіне осы мәселе бойынша телефон соғып жауап ала алмады. Ал Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөлімі «ондай ақпарат бере алмаймыз» деп телефон тұтқасын тастай салды.

Ақтауда 24 желтоқсанда өткен жиын туралы YouTube сайтындағы видео:


XS
SM
MD
LG