Accessibility links

Киев облысында Ресейдің соққысынан үш бала қаза болды

Запорожье облысына жасалған соққыдан кейін. 18 қыркүйек, 2026 жыл.
Запорожье облысына жасалған соққыдан кейін. 18 қыркүйек, 2026 жыл.

Ресей әскері 20 қыркүйекке қараған түні Киев және Одесса облыстарына дронмен шабуылдады. Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрлігі және Украина билігі хабарлады. Винницк облысындағы темір жолға соққы жасалған. Ал Херсон облысында 19 қыркүйекте дрон монастырьға шабуылдады, бір дін қызметкері опат болды, тағы төрт адам жараланды.

Киев облысында соңғы тәулікте төрт адам қаза болды, үшеуі – бала. Фастов ауданында бір қыз бала және ұл бала және олардың анасы өлді. Тағы бір қыз бала Вышгород ауданында қаза болды. Дрондар тұрғын үй мен кәсіпорындар, көліктерді бүлдірді.

Украинаның әуе күштері Ресей әскері 138 дронмен шабуылдағанын, 101-і құлатылғанын хабарлады.

Ресей қорғаныс министрлігі Киев облысында FIRE POINT компаниясының қоймасына шабуылдағанын мәлімдеді. Одесса портында – жүк кемесі, Одессаның солтүстігінде "Новая почта" компаниясының қоймасына шабуыл жасалды.

Айдар
XS
SM
MD
LG