Accessibility links

Киевте белгісіз ер адам жұртқа оқ атып, супермаркетті басып алды. Шабуылдаушы өлтірілді

Украина полицейлері оқиға орнында. Киев, 18 сәуір, 2026 жыл.
Украина полицейлері оқиға орнында. Киев, 18 сәуір, 2026 жыл.

18 сәуірде Киевтің Голосеев ауданында белгісіз ер адам көшеде кетіп бара жатқан жұртқа оқ атып, супермаркетті басып алды, сондағы адамдарды кепілдікке алды. Кейінгі мәлімет бойынша, 6 адам қаза болды. Тағы 15 адам зардап шеккен, арасында кішкентай бала бар. Ол шабуылдаушының пәтерінде басталған өрт кезінде ысқа уланған. 14 жастағы жасөспірім жарақаттанды.

Көптеген адам оқиға орнынан видео түсірген: онда ер адамның ұзын ұңғылы қарумен көп қабатты үйдің ауласынан және көшелермен жүгіріп, айналасындағы адамдарды атып жатқаны көрінеді. Оның не үшін шабуылдағаны белгісіз.

Бұған дейін Киев шабуылдаушының супермаркетте бірнеше адамды кепілдікке алғанын хабарлаған. Келіссөзден кейін төрт адам құтқарылған.

"Астананың Голосеев ауданында 58 жастағы Мәскеу тумасы оқ атып, төрт адамды өлтірді, бұдан кейін супермаркетте баррикада жасап, адамдарды кепілдікте ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол автомат пайдаланған. Шабуылдаушы тіркелген пәтерде бір мезетте өрт болды. Арнайы жасақ мергендері оны өлтірді" деп хабарлады Украина бас прокуроры Руслан Кравченко.

"Кепілдікке алынған адамдардың бірі өлтірілгеннен кейін шабуылдаушыны ұстау операциясы басталды. Террорист ешқандай талап айтқан жоқ" деп мәлімдеді Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко. Оның сөзінше, мергенде ресми түрде тіркелген қару болған.

Айдар
XS
SM
MD
LG