Accessibility links

Киевте мыңнан астам адам Федоровтың отставкасына қарсылық білдірді

Киевтегі наразылық. 17 шілде 2026 жыл.
Киевтегі наразылық. 17 шілде 2026 жыл.

Киевте мыңнан астам адам президенттің қорғаныс министрі Михаил Федоровты оставкаға жіберу туралы шешіміне қарсылық білдірді. Мұндай наразылық осымен екінші күн өтіп жатыр деп хабарлады Азаттықтың Украин қызметі 17 шілдеде кешке.

Киевте жұрт президент кеңсесі ғимараты маңындағы алаңға барып, “Федоровты қайтарыңдар” деп айқайлап, Украинаның әнұранын шырқаған.

"Интерфакс-Украина" дерегінше, акцияға шамамен 10 мың адам қатысқан. Федоровтың отставкасына қарсылық акциялары Львов, Днепр, Николаев қалаларында да өткен.

Николаевта жүз шақты адам қала орталығына жиналып, әкімшілікке қарай шерулетіп жүрген. Олардың қолында “Николаев Федоровтың отставкасына қарсы” деген жазуы бар плакаттар болған.

Федоров қызметтен босатылғаннан кейін 16 шілде күнгі баспасөз жиынында Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырскийді қатаң сынаған еді. Ол сонымен бірге Сырский мен бас штабтың бастығы Андрей Гнатовты алмастыруды ұсынғанын айтқан.

Зеленский Федоров пен Сырский арасында дау болғанын растады, бірақ өзінен де жауапкершілікті алмайтынын жеткізді. Оның сөзінше, екеуін де қызметтен босатуға қазіргі ахуал мүмкіндік бермейді.

35 жастағы Федоров украин әскерін технологиялық тұрғыда жаңарту мен дрон жүйесін дамытуды жақтаушылардың бірі. Жақтастары украин әскерінің майдандағы сәттіліктерін Федоров жүргізген реформамен байланыстырады.

Айдар
XS
SM
MD
LG