Accessibility links

Киевте Ресей соққысынан қаза болғандар 30 адамға жетті

Киев, Украина, 2 шілде 2026 жыл.
Киев, Украина, 2 шілде 2026 жыл.

Украина төтенше жағдай мемлекеттік қызметі 2 шілдеге қараған түні Ресей әскері жасаған соққыдан қираған ғимараттар үйіндісінен тағы үш мәйітті алып шыққанын хабарлады. Соққыдан қаза болғандар 30 адамға жетті.

Қалалық әскери әкімшіліктің жетекшісі Тимур Ткаченконың сөзінше, тағы үш адам байланысқа шықпай қалған. Іздеу жалғасып жатыр. Бейсенбі күні кешке ол зардап шеккендер 91 адамға жеткенін айтқан.

3 шілдеге қараған түні Ресей әскері Украинаны тағы дрон және ракеталармен соққылады. Украина қарулы күштерінің дерегінше, елге 105 дрон және екі авиациялық Х-59/69 ракета жіберілген. 85 дрон мен бір ракета құлатылған.

Днепропетровск облысында соққының салдарынан бір адам қаза болған, 13 адам зардап шеккен. Кривой Рогта кәсіпорын, оқу орны мен көп қабатты тұрғын үй, дүкен мен көліктер бүлінген.

Харьков облысының Лозовая қаласында дрон жеке үйге түсіп, үй мен екі көлік өртенген. Шабуылдың салдарынан алты адам зардап шеккен, арасында үш бала бар, 10 жастағы қыз бала ауруханаға жатқызылған.

Сумы облысында да дрон тұрғын үйге құлаған. Облыстық әскери әкімшіліктің хабарлауынша, төрт адам қаза болған: екі әйел мен бір қария, кішкентай бала опат болған. Тағы үш адам жараланған.

Мұнда түнде жанармай станциясына соққы жасалған. Кемінде төрт адам зардап шеккен.

Айдар
XS
SM
MD
LG