Ұлыбритания патшайымы Екінші Елизавета - билікте ұзақ отырған британ монархтарының бірі. Ол 62 жылдан бері тақта отыр. Ал оның арғы апасы Виктория тақта 1837 жылдан 1901 жылға дейін, 63 жыл 7 ай ел билеген еді.
Патшайымның өмірі

1
1953 жылы маусымның 2-сі күні өткен тәж кигізу рәсімі. Екінші Елизавета таққа 1952 жылдың басында, әкесі Төртінші Георг қайтыс болғаннан кейін, 25 жасында отырған еді.

2
Кентерберий архиепископы Екінші Елизаветаға қылышты тапсырып тұр. Вестминстер аббаттығы, 2 маусым 1953 жыл.

3
Екінші Елизавета мен Эфиопия императоры Хайле Селассие. 1952 жыл.

4
Екінші Елизавета мен Филипп үш баласымен бірге отыр. 9 қыркүйек 1960 жыл.

5
Екінші Елизавета ұлдары Эндрю және Эдвардпен бірге Букингем сарайында кітап оқып отыр. Рождество, 1971 жыл.

6
Патшайым отбасының 1977 жылы түсірілген суреті 2012 жылы мамырдың 25-і күні үлкен плакат түрінде ілінді.

7
Екінші Елизавета үлкен ұлы Чарльз және оның қалыңдығы Дианамен бірге Букингем сарайында тұр. 27 наурыз 1981 жыл.

8
Екінші Елизавета мен АҚШ президенті Рональд Рейган Виндзор қамалында атпен серуендеп жүр. 1982 жыл.

9
Екінші Елизавета АҚШ президенті Джорд Буш және оның әйелі Барбарамен бірге. Вашингтон, 14 мамыр 1991 жыл.

10
Екінші Елизавета таққа отырғанына 40 жыл толу мерекесінде ұлы Чарльз ханзадамен бірге тұр. 2 маусым 1993 жыл.

11
Екінші Елизавета Ұлыбританияға тұңғыш рет ресми сапармен келген ОАР президенті Нельсон Манделамен бірге. 9 шілде 1996 жыл.

12
Екінші Елизаветаның жөндеуден өткен аурухананы көру үшін Вулвичке келген сәті. 11 желтоқсан 2001 жыл.

13
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер өзінің 80 жасқа толу мерекесіне келген Екінші Елизавета мен оның күйеуін қарсы алып тұр. 13 қазан 2005 жыл.

14
Екінші Елизавета Вестминстер аббаттығының шырақшысымен амандасып тұр. 29 сәуір 2011 жыл.

15
Екінші Елизавета мен Филипп ханзаданың Дублинге келген кезі. 17 мамыр 2011 жыл.

16
Екінші Елизавета мен Ирландия президенті Мэри Макалис. 17 мамыр 2011 жыл.

17
Екінші Елизавета Букингем сарайында АҚШ президенті Барак Обама және оның зайыбы Мишель Обамамен сөйлесіп тұр. 24 мамыр 2011 жыл.

18
Екінші Елизаветаның АҚШ президенті Барак Обаманы қарсы алу рәсімі. 24 мамыр 2011 жыл.

19
Екінші Елизаветаның Норфолкке ағаш егуге келген кезі. 3 ақпан 2012 жыл.

20
Жексенбілік ғибадаттан кейін Екінші Елизаветаға жұрт гүл беріп жатыр. 5 ақпан 2012 жыл.

21
Екінші Елизаветаның Норфолкте жүрген кезі. 6 ақпан 2012 жыл.

22
Екінші Елизаветаның қайта жөнделген "Катти Сарк" кемесін көру үшін Гринвичке келген кезі. 25 сәуір 2012 жыл.

23
Екінші Елизаветаның лағыл тойы. Челси, 3 маусым 2012 жыл.

24
Екінші Елизаветаның тойындағы концерт. 4 маусым 2012 жыл.

25
Солтүстік Ирландияға келген Екінші Елизавета ИРА-ның бұрынғы жетекшілерінің бірі Мартин Макгиннеспен амандасып тұр. 27 маусым 2012 жыл.