Accessibility links

Азаттықтың Қырғыз қызметінің зерттеуінде аталған кәсіпкерді Стамбулда өлтіріп кетті


Айэркен Саймаити
Айэркен Саймаити

Азаттық радиосының Қырғыз қызметінің Қырғызстаннан заңсыз жолмен шығарылған 700 миллион доллар жөніндегі зерттеуінде аты аталған кәсіпкер Айэркен Саймаитиді Түркияның Стамбул қаласында өлтіріп кетті. Түрік ақпарат құралдары Саймаитиді Фатих ресторанында белгісіз біреулер атып кеткенін хабарлады. Кәсіпкер ауруханада көз жұмған.

Айэркен Саймаити Қытайдың Шыңжаң аймағында туған.

Кем дегенде 250 миллион доллар қаражат Қырғызстаннан Айэркен Саймаити мен тағы бірнеше қырғыз компаниясының есепшоттары арқылы шығарылғанын дәлелдейтін құжаттарды Азаттықтың Қырғыз қызметі биыо мамырда көрсеткен. Азаттықтың Қырғыз қызметінің арнайы зерттеуі жарық көрген соң Қырғызстанның экономикалық қылмысқа қарсы күрес органы ұлты ұйғыр Саймаити мен оның әйелі Вуфули Бумаилиамуидің "Абдыраз" компаниясы арқылы елдегі 11 банктегі есепшоттарынан шетелге 646 миллион 879 мың доллар алып кеткенін растаған және екеуіне іздеу жариялаған.

Азаттық зерттеуінде Саймаити мен оның әйелі депутат Искендер Матраимов отбасына тиесілі делінген қордың жұмысына қатысы бар екені айтылған.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің зерттеуі. 2019 жылдың мамыры

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG