Accessibility links

Атыстан кейінгі Ақ-Сай

Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыстан соң Ворух анклавындағы жағдай тұрақтанды. Екі елдің шекарашылары өткен аптаның соңында Қырғызстанның Ақ-Сай ауылының маңында атысып қалған еді. Жақында Қырғызстан мен Тәжікстан шекара қызметтерінің басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері кездесті. 11 қаңтар күні шекарадағы қарулы қақтығыстан алты қырғыз сарбазы, үш тәжік шекарашысы жараланған. Екі тарап кінәні бір-біріне артқан еді. Азаттық Баткен облыстық телеарнасының басшысы Мамажан Бердішевтің суреттерін ұсынады.

XS
SM
MD
LG