Accessibility links

Ленин ескерткішін құлатты


Ленин ескерткішін құлатты
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:50 0:00

Қарсылық акциясына қатысушылардың бір тобы Киевтің Тарас Шевченко бульварындағы совет көсемі Владимир Ленинге орнатылған биіктігі үш метрлік ескерткішті темір арқан байлап құлатып, балғамен ұрып талқандап тастады. Бірнеше күннен бері ескерткішті күзетіп тұрған милиция өкілдері оқиғаны тек сырттай бақылап тұрды. Ескерткішті құлатқандар Украинаның мемлекеттік туын тігіп, әнұранын шырқаған. Кейін Ленин ескерткішінің бір бөлігін Тәуелсіздік алаңында жиында тұрған жұртқа көрсетті. Киев, 8 желтоқсан 2013 жыл.

XS
SM
MD
LG