30 тамызға қараған түні Ресейдің Ленинград облысына 62 украин дроны шабуылдады деп хабарлады аймақтың басшысы Александр Дрозденко.
Оның сөзінше, Кириши қаласында соққының салдарынан өнеркәсіп аймағында өрт болған, бірнеше тұрғын үй бүлінген, дрондар сонымен бірге "Прибрежный" саябағы мен шамамен №3 мектеп аумағына құлаған. Ешкім зардап шекпеген.
Куәгерлерге сүйенген ASTRA-ның жазуынша, "Киришинефтеоргсинтез" мұнай өңдеу зауыты өртенуі мүмкін. Зауытқа соққы жасалғанын Exilenova+ мен Supernova+ телеграм-арналары да хабарлады. Аталған телеграм-арналар NASA FIRMS сервисінде тіркелген өрт ошақтарына сүйене отырып, Ейскідегі әуе базасына соққы жасалғанын хабарлады.
Ақпарат әзірге ресми түрде расталмады. Краснодар өлкесінің билігі шабуыл туралы жазбады.
Ресей қорғаныс министрлігі бір түнде 494 украин дроны жойылғанын хабарлады.