Accessibility links

Лихтенштейнде тақ мұрагерлігі бойынша ер мен әйелдің құқығы теңестірілді

Лихтенштейн княздігінің туы
Лихтенштейн княздігінің туы

Лихтенштейн княздігі тақ мұрагерлігі тәртібін өзгертті. Бұған дейін билікте отырған князьдің үлкен ұлы ғана тақ мұрагері бола алатын, енді бұл құқық отбасының тұңғыш баласына жынысына қарамастан беріледі.

Реформа туралы мұрагер князь Алоиз 15 тамызда, Лихтенштейннің Ұлттық мерекесі күні жариялады. Оның айтуынша, жаңа тәртіпті князь әулеті қажетті көпшілік дауыспен, яғни отбасы мүшелерінің үштен екісінің қолдауымен мақұлдаған.

Алоиздың түсіндіруінше, бұрынғы ер адамның басымдығына негізделген мұрагерлік жүйесі енді тұңғыштың басымдығы қағидатына ауысады. Яғни болашақта князьдің бірінші болып дүниеге келген баласы ұл я қыз екендігіне қарамастан таққа отыру құқығына ие болады.

Жаңа ереже бойынша, таққа князьдің жынысы әйел ұрпағының мұрагерлік ету құқығы Алоиздың немерелері дүниеге келген кезде іске асады. Алоиздың өз мұрагері қазірдің өзінде белгілі – 1995 жылы туған үлкен ұлы Йозеф-Венцель.

Алоиздың өзі ресми түрде тақ мұрагері саналғанымен, іс жүзінде елді басқарып отыр. 2004 жылы қазіргі князь Ханс-Адам II негізгі өкілеттіктерін ұлына беріп, оны регент етіп тағайындаған.

Бұл реформа Лихтенштейнді Еуропада таққа ер адам ғана мұрагер бола алатын соңғы монархия мәртебесінен айырды. Бұған дейін мұндай тәртіп, Ватиканды есептемегенде, осы шағын мемлекетте ғана сақталған еді.

Альпі тауларында орналасқан, шамамен 40 мың адам тұратын Лихтенштейн қоғамдағы дәстүрлі әрі консервативті ұстанымдарымен белгілі. Княздікте әйелдерге сайлау құқығы тек 1984 жылы берілген. Ал 2025 жылы Бригитта Хаас келді ел тарихында алғаш рет әйел премьер-министр болып сайланған.

15 тамыз күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тақ мұрагері Алоизді Лихтенштейн князьдігінің Ұлттық күнімен құттықтап, Қазақстан Лихтенштейнмен көп жылғы достық қарым-қатынасты және өзара құрметті жоғары бағалайтынын жеткізді деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.


Айдар
XS
SM
MD
LG