Accessibility links

Lufthansa ұшағы Алматыға қонуға мәжбүр болды: рейсте жолаушы көз жұмды


26 желтоқсанда Lufthansa әуе компаниясының Мюнхен – Пекин бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшағы Алматы әуежайына қонуға мәжбүр болды. Бұған борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлауы себеп болған.

Ұшу кезінде ер адам есінен танып қалған. Ұшақ қонған сәтте әуежай дәрігерлері мен жедел жәрдем тобы ұшаққа бірден жеткенімен жолаушы ұшақ қонғанға дейін көз жұмғаны белгілі болды.

Тиісті процедура мен жанармай құйылғаннан кейін ұшақ сағат 7:56-да Пекинге ұшып кеткен.

Әуежайдағы полиция қылмыстық іс қозғады. Әзірге толық емес ақпарат бойынша, шетел азаматы жүрек ауруынан көз жұмған. Полиция тергеу жалғасып жатқанын айтты.

Шамамен екі апта бұрын SCAT ұшағында жолаушылардың бірі өзін нашар сезінген. Ақтөбе – Алматы бағытында ұшқан ұшақ әуежайға қайта оралған. Әйел адамға медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан кейін реанимацияда көз жұмғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG