9 шілде күні таңертең Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында болған атыстан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілген. Әлеуметтік желіде жараланған ер адамдар түсірілген видеолар мен суреттер тарады деп жазды жергілікті lada.kz басылым.
Маңғыстау облыстық ауруханасы денесіне бірнеше жерден бытыра тиген 1999 және 2001 жылы туған екі азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетілгенін, олардың өміріне қауіп жоғын айтқан.
Облыстық полиция департаменті суық қару қолданылып, адамдар зардап шеккен оқиға бойынша күдікті ретінде төрт адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
Полиция бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің адам өлтіруге оқталу, бұзақылық, суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу сияқты бірнеше бабымен іс қозғап, тергеу амалдарын бастаған.
Маңғыстау өңірінде болған атыстан жараланған екі адам ауруханаға түскен