Мәскеу сұрайды, Астана береді. Ресей босқындарының ісі
Кейінгі екі айда Қазақстан Мәскеу сұрауымен кемі төрт ресейлікті экстрадициялау туралы шешім шығарды. Олардың арасында оппозиция белсендісі де, соғыстан қашқан әскери қызметкер де, ІТ маман да бар. Құқық қорғаушылар бұл үрдіс бассауға сұрағандарға қатысты Астананың саясаты күмән туғызғанын айтады.