Accessibility links

Мәскеуде бомба жарылып, үш адам қаза болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Мәскеуде полиция бөліміне жақын аумақта бомба жарылып, үш адам қаза болды. Бұл жөнінде «Настоящее время» арнасы жазды.

Тергеу комитетінің мәліметінше, жарылыс 24 желтоқсанға қараған түні Мәскеудің оңтүстігіндегі Орехов-Борисов ауданындағы Елецк көшесінде болған.

Ведомствоның айтуынша, екі полицей көлік маңында тұрған күдікті адамға жақындаған. Сол кезде жарылғыш зат іске қосылған. Соның салдарынан полицияның екі қызметкері мен солардың жанындағы ер адам қаза болған.

Shot телеграм-арнасының хабарлауынша, ер адам өзін жарған деп айтылады.

Куәгерлердің бірі Shot телеграм-арнасына оқиғаға дейін басын бүркеп, маска тағып алған адамның тұрақтағы көліктерге қарап жүргенін көргенін айтқан.

Жуырда осы ауданда генерал-лейтенант Фанил Сарваровтың көлігі жарылған еді. Оның көлігіне бомба қойылған.

XS
SM
MD
LG