Accessibility links

Майк Помпео: Қытай коронавирус жайлы жалған сөзі үшін жауап береді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жексенбі күні ABC News телеарнасына берген сұхбатында "Қытай билігі әлем елдері COVID-19 қаупі туралы дер кезінде білмей қалуы үшін қолынан келгенді жасауға тырысып бақты" деп мәлімдеді. Ол мұны ақпаратты бұрмалаудың коммунистік классикалық амалы екенін және ол үшін [Қытай билігі] "жауап беретінін" айтты деп хабарлайды ABC News.

Бұған дейін австралиялық Daily Telegraph басылымы құрамына АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия мен Жаңа Зеландия сарапшылары енген Батыс елдері арнаулы қызметтері одағының 15 беттік баяндамасына сілтеме жасап, Қытай коронавирустың өршігені туралы дәлелдерді әдейі жасырған деп хабарлаған.

Қытай билігі өзге елдерге қауіп төндіретін коронавирустың пайда болғаны туралы ақпаратты жасырып, дәрігерлерді үндемеуге мәжбүрлеген және шетелдік мамандарға биоматериалдарды беруден бас тартып, вакцина жасау жұмысын ертерек бастауына кедергі келтірген делінген баяндамада.

Құжат авторлары Қытай үкіметі вирустың адамнан адамға жұғатыны туралы 2019 жылдың желтоқсан айының басында білген дейді. Бірақ бұл фактіні қаңтардың 20-сына дейін жоққа шығарып келді дейді батыс арнаулы қызметтері. Олардың жазуынша, Қытайдың ұлттық денсаулық комитеті 3 қаңтарда коронавирустың үлгісін жоюға пәрмен беріп, жаңа инфекция туралы ақпаратты таратуға тыйым салған.

Deutsche Welle басылымы вирустың қалай тарала бастағаны туралы мақаласында Австралия үкіметінің Қытайдың аса қауіпті коронавирустардың генетикалық өзгеруін зерттейтін бір топ ғалымын оқытып, қаржыландырғаны туралы жазады. Мақалада бұл вирустардың жарқанаттан адамға жұғуы мүмкін екені және оған қарсы ем жоғы айтылады.

Сенбі күні әлемдік бірқатар басылымда Ухань вирусология институтындағы доктор Ши Чжэенли жетекшілік ететін қытай ғалымдары Юньнань провинициясындағы үңгірден табылған шамамен 50 вирустың кемінде біреуі COVID-19 дертін қоздыратын SARS-CoV-2 вирусына өте ұқсас екенін анықтағаны туралы хабарлады.

Батыс барлау альянсына енетін арнаулы қызметтер қарама-қайшы пікір айтады. Австралия барлау қызметі вирустың алғаш рет Ухань базарында пайда болған деп санайды, Қытай үкіметі де осыны айтады. Бірақ 17 арнаулы қызметті біріктіретін АҚШ барлау қауымдастығы, соның ішінде Орталық барлау қызметі (CIA) мен Федералдық тергеу бюросы (FBI) түпкілікті қорытындысын әзірге жариялаған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG