Accessibility links

Министр: Астана Өзбекстан мен Қырғызстанға Ресей газын көбірек тасымалдауға дайын

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов

Астана Өзбекстан мен Қырғызстанға Ресей газын көбірек тасымалдауға дайын. Қазақстан парламентінде журналистердің сұрақтарына жауап берген энергетика министрі Ерлан Ақкенженов осылай деп мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, Қазақстанның бұған техникалық мүмкіндігі жетеді, тасымалдауға керек тиісті инфрақұрылым дайын.

Оның айтуынша, былтыр Қазақстан Өзбекстанға – 4 млрд текшеметр, Қырғызстанға 500 млн текшеметр Ресей газын жеткізген.

Ол Өзбекстанға Ресей газының тасымалы артуы мүмкін деген ақпаратқа да түсініктеме берді. Оның айтуынша, Қазақстан тасымалдаушы ел ретінде келіссөзге қатыспайды.

"Менде расталған ақпарат жоқ, себебі келіссөздді өзбек пен Ресей жағы жүргізіп жатыр" деді Ерлан Ақкенженов.

Ресей газын ұзақ жыл бойы Еуроодақ импорттап келген. Бірақ 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін сатып алу көрсеткішткері бірнеше есе қысқарды. Осы тұста Ресей өзінің шикізатын өткізетін жаңа нарық іздеген.

Қазақстан Ресей газын Өзбекстанға 2023 жылдың күзінен бастап – "Орта Азия – Орталық" жаңартылған ревестік газ тасымалдау жүйесі іске қосылғаннан кейін жеткізе бастаған. Бастапқыда Ресей мен Өзбекстан арасындағы келісімшарт жылына шамамен 2,8 млрд текшеметр газ тасымалдауды қарастырған, алайда ізінше бұл көрсеткіш ұлғайтылды.

Орталық Азиядағы ірі газ тасымалдаушылардың бірі Өзбекстанның өз ішінде кейінгі жылдары газға сұраныс артты, бұл әсіресе қыс кезінде байқалды. Бұл тұста Ташкент Ресей мен Түркіменстаннан газ тасымалдауды арттырды, бір мезетте энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр.

2026 жылы сәуірде Ресей және Өзбекстан үкіметтері мұнай-газ саласында әріптестікті нығайтуға келіскен. Бұған дейін Өзбекстанға экспортталатын Ресей газының көлемін жылына 11 млрд текшеметрге жеткізілетіні айтылған еді. Бұған Қазақстанның транзиттік инфрақұрылым жағынан шамасы жететіні-жетпейтіні белгісі.

Айдар
XS
SM
MD
LG