Accessibility links

Министрлік: соңғы екі күнде 2,1 мыңнан астам қазақстандық Таяу Шығыс елдерінен оралды

Маскаттан оралған рейс жолаушылары. 4 наурыз 2026 жыл.
Маскаттан оралған рейс жолаушылары. 4 наурыз 2026 жыл.

Соңғы екі күнде 2.1 мыңнан астам қазақстандық Таяу Шығыс елдерінен оралды. Бұл жөнінде Қазақстан көлік министрлігіне қарасты азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Комитеттің хабарлауынша, 3 наурыздан бері қарай Таяу Шығыс елдерінен 12 рейспен 2111 адам елге Қазақстанға оралған.

"Бүгінге жоспарланған рейстерді ескере отырып, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға шамамен 4000 азамат жеткізіледі. Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмысы уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының бірлескен жұмысы аясында жалғасып жатыр" деп жазылған комитет хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, 4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасаған. Осы рейстермен елге 851 жолаушы жеткізілген.

5 наурыз күні Қазақстанға жолаушыларды алып келу үшін қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар тағы бірнеше рейс орындамақ.

Air Astana әуе компаниясы Жидда – Ақтау – Алматы және Жидда – Атырау – Алматы бағыттары бойынша екі рейс орындауды жоспарлап отыр.

Air Astana әуе компаниясы бейсенбі күні Дубай, Жидда, Медина және Дохаға ұшуды шегеру мерзімін 10 наурызға дейін ұзартқанын хабарлады. Бұл бағытқа билет сату уақытша 17 наурызға дейін тоқтатылды.

Әуе компаниясының хабарлауынша, жолаушылар билеттерін 30 сәуірге дейін ауыстыра алады немесе 11 наурызға дейін ақшаларын қайтара алады.

Компания Таяу Шығыстағы ахуалды бақылап отырғандықтарын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG