Accessibility links

NASA мен Boeing орбитаға шыға алмаған кемені ғарыштан қайтарды


Boeing компаниясы әзірлеген "Старлайнер" кемесінің ғарышқа ұшқан сәті. Канаверал мүйісі, АҚШ, 20 желтоқсан 2019 жыл.

АҚШ-тың "Старлайнер" (Starliner) ғарыш кемесі Жерге оралды. Кеме капсуласының Нью-Мексико (АҚШ) штаты аумағына қонған сәтін АҚШ ғарыш агенттігі (NASA) тікелей эфирде көрсетті. 20 желтоқсанда ғарышқа адамсыз ұшырылған кеме халықаралық ғарыш станциясымен түйісіп, бір апта болады деп жоспарланған еді. Бірақ зымыран-тасығыштан бөлінгеннен кейін кеме қозғалтқышы істемей қалғандықтан оны Жерге қайтару туралы шешім қабылданған.

"Старлайнер" халықаралық ғарыш станциясына 270 келі жүк жеткізуі тиіс болатын. NASA мен Boeing болашақта осы кемені тағы да ғарышқа ұшыру жоспары барын хабарлады, бірақ нақты қашан ұшатыны әзірге белгісіз. Кеме ғарышқа жеті адам алып ұша алады деп хабарланған.

Америкалық кәсіпкер Илон Масктың SpaceX компаниясымен бәсекелес Boeing компаниясы "Старлайнер" кемесін жасап шығарған. Жеке меншік бұл екі компания халықаралық ғарыш станциясына экипаж жеткізе алатын басқарылатын кеме әзірлеумен қатар айналысып отыр. Осы уақытқа дейін халықаралық ғарыш станциясына экипаждарды өткен ғасырдың 60-жылдарынан бері қолданыста жүрген ресейлік "Союз" кемесі жеткізіп келеді.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG