Accessibility links

НАТО-ның әуе қорғаныс жүйесі Түркияға қарай жіберілген Иран ракетасын жойды

Әуе қорғаныс жүйесі. Көрнекі сурет.
Әуе қорғаныс жүйесі. Көрнекі сурет.

Ираннан жіберілген баллистикалық ракета Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде анықталып, Түркияның әуе кеңістігіне қарай бағыт алған. Оны НАТО-ның әуе қорғаныс жүйесі жойып жіберді деп хабарлады Түркия қорғаныс министрлігі.

Ведомство мәліметінше, ракета Ирак пен Сирияның әуе кеңістігін кесіп өткен. Оның бөлшектері Түркияның оңтүстігіндегі Дертйол ауданына құлады. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

"Біз тараптарға қақтығыстың аймақта таралуына жол ашатын әрекеттерге бармау қажеттігін ескерттік" деп жазылған Түркия қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Министрлік Түркия аймақта тұрақтылықты қолдайтынын, бірақ "қатер қайдан төнбесін, өз жері мен азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті" екенін мәлімдеді.

"Біздің елімізге қарсы бағытталған кез келген өшпенділік қатынасқа жауап беруге құқығымыз бар" деді министрлік өкілдері.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран мен оның ядролық бағдарламасына қарсы әскери операция бастаған. Бұған жауап ретінде Иран Израиль мен Американың Таяу Шығыстағы әскери базаларына соққы жасаған.

XS
SM
MD
LG